Жаңа маусымға жоспар

Қостанай облысыныі әікімі Архимед Мұхамбетов барлық деңгейдегі әкімдермен селекторлық кеңес өткізді. Оның барысында 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымын аяқтау және алдағы жылу беру кезеңіне дайындық мәселелері қарастырылды.Жалпы, биылғы жылыту маусымының қорытындысы бойынша облыстың тіршілікті қамтамасыз ететін барлық кәсіпорындары мен әлеуметтік сала объектілері тұрақты жұмыс істеді. 2022 жылы жылумен жабдықтау объектілерін дамытуға 8 жобаны іске асыру үшін 3 703,9 млн теңге бөлінді.
Одан әрі «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру барысы қаралды. Бүгінгі таңда 517 ауылдық елді мекенде 353 мыңнан астам адам немесе облыс халқының 41%-ы тұрады. 2019-2021 жылдары бұл жоба аясында 14,4 млрд теңгеге 216 жоба іске асырылған. Осы жылы 40 мыңға жуық тұрғыны бар 32 ауылдық елді мекенде 75 жобаны іске асыру үшін 7,5 млрд теңге бөлінді.
Сондай-ақ, аймақ басшысы осы мәселе бойынша ауылдық округ әкімдерін тыңдады. "Ауылдарды дамыту ауыл тұрғындарының өмір сүруі үшін қолайлы жағдайлар жасауда өте маңызды. Осы мақсатқа қол жеткізу әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету міндеттерін іске асыру есебінен, сондай-ақ өмір сүруге жайлы орта құру арқылы жүзеге асырылады", – деп жазды облыс әкімі инста-парақшасында..
Сондай-ақ, облыстың елді мекендерін екі айлық санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру мәселелері қарастырылды. Энергетика және ТКШ басқармасы екі айға ұласатын сенбіліктерге апта сайын  мониторинг жүргізетін болады.А.Мұхамбетов жиын соңында қала мен аудан әкімдеріне, облыстық басқармалардың басшыларына «Ауыл – ел бесігі» жобасының іске асырылуын бақылауда ұстауды, сондай-ақ елді мекендерді санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру екі айлығын өткізу кезеңінде барлық тиісті іс-шараларды жүргізуді тапсырды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓