Жастардың жалақылары жақсы

Арқалық қаласында 280 балаға лайықталған балабақша күрделі жөндеуден өткізілуде. Бұған  мемлекет қазынасынан 88 млн. теңге қаржы бөлініпті.  Бүгінде екі қабатты, бес қанатты ауқымды нысанның күрделі жөндеу жұмыстары еңсеріліп қалған. Білім ошағында жүзге тарта құрылысшы жұмыс істейді. Соның 23-інің студент жастар екенін айта кеткен жөн.
кккк– "Демалыстарыңда қарап жүргенше еңбек етіп, ақша табыңдар" деп студенттерді жыл сайын жұмысқа шақырамын. Өткен жылы институттың студенттері жұмыс істеді. Биыл агротехникалық колледждің шәкірттерін жұмылдырдық. Аталған білім ошағында, тура бізге қажетті электрик, механик, тас қалаушы, сыршы-сылақшы, дәнекерлеуші іспетті маман иелерін даярлайды.  Жастар жұмысты жақсы істейді. Еңбектерін жақсы бағалап жатырмыз. Бір студент айына  70-80 мың теңгеге дейін ақша табады, – дейді  мердігер компа-нияның директоры Абай Мұқанов.
 Мұрат
       ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓