Алтын жарқыраған күн

Қостанайдағы Жастар сарайында Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы және егемен ел жастары» атты мерекелік шара өтті. Бұл шараны биылғы Жастар жылының қорытынды жиыны деуге болады. Бүгін сондай-ақ, Қостанай облысының Алтын кітабына есімдері енген жастар марапатталды.IMG_9313
IMG_9324
IMG_9333Тәуелсіздік жылдары Елбасы талай жарқын істің бастамашысы, толағай табыстарға жетудің үлгісін көрсетті. Ұлы Дала елінің шекарасын бекітіп, бәсекеге қабілетті, әлем мойындаған мемлекет ретінде қалыптастырды. Ұлт Көшбасшысы Қазақстанның іргелі ел болуына жастардың орнын айрықша атап келеді. Оған дәлел – биыл Жастар жылы болып жарияланды. Мамыр айында біздің облысымызда Қазақстан мен Ресей жастары бас қосқан форум өтіп, оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қатысқан болатын. Қазақстан Президенті сол басқосуда барлық мемлекеттік органдардың жастар бастамасына зор қолдау көрсетуге шақырған еді.IMG_9339Біздің өңірімізде де Жастар жылы зор табыспен аяқталып отыр – 590 жас баспаналы болды. Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы және кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары аясында олардың 101-і көп балалы отбасы, 65-і мұғалім, 118-і өңірімізге жұмысқа шақырылған дәрігер мамандар.
– Бұдан бөлек, тегін кәсіби-техникалық білім, жеке бизнесін ашуға және стартап-жобаларды қолдау бойынша ауыз толтырарлық жұмыстар атқарылды. Жастар арасында басты мәселе – жұмыспен қамту. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасымен 8 мың қостанайлыққа жұмыс орны ашылды. «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы жүзеге асырылғалы өңірдің елді мекендеріне 4 мыңнан астам жас маман еңбек етуге барды. Оларға баспана және көтермеақы ретінде 6 млрд теңге көлемінде қаражат берілді. Тобыл-Торғай жастары үнемі жаңашылдық бастамаларымен алда келеді. Олардың идеяларын қолдау мақсатында аймағымыздың әр өңірінде жастар ресурстық орталығы жұмыс істеуде. Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, 106 жобаны жүзеге асырып келеді. Республикалық «Жас кәсіпкер», «Жас А» бастамалары бойынша 200-ден астам қостанайлықтың жобасы 135 млн теңгеге қаржыландырылды, – деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов құттықтау сөзінде.IMG_9358Өңіріміздегі 8 жоғары оқу орны мен 35 колледжде 43 мыңнан астам студент білім алуда. Инновациялық технология, дуалдық білім беру, жоғары кәсіби профессорларды шақырумен қатар, шәкірттердің жайлы орында тұруына да көп көңіл бөлініп келеді. Айталық, Тұңғыш Президенттің «Бес әлеуметтік бастама» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Академик Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде жатақхана салынып жатыр. Бұдан бөлек, ЖОО мен колледж студенттеріне арнап тағы 4 жатақхана салу жоспарланып отыр.      
Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов еліміздің спорт тарихында жарқ етіп көрініп келе жатқан грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Тамерлан Шадукаевқа 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Тамерлан – 2016 жылы Францияда өткен жастар арасындағы әлем додасының жеңімпазы, биыл Қытайда өткен ересектер арасындағы Азия чемпионатының және Венгрияда өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері. 2020 жылы өтетін Олимпиадаға қатысуға үміткер. Ал чемпионды баптаған – грек-рим күресінен облысымыздың аға жаттықтырушысы Серік Байжановқа 1 миллион теңге берілді.IMG_9390
IMG_9422
IMG_9433Сонымен, биылғы аймағымыздың Алтын кітабына есімдері енген жастар:
«Білім және ғылым саласындағы жетістіктері үшін» – Нұрымжан Милақатов, Ш.Уәлиханов атындағы Әулиекөл орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Биыл Шымкент қаласында өткен «Заманауи оқыту әдістері» атты ХІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында өткен байқауда бас жүлде – автокөлік иегері;
«Спорттағы жетістіктері үшін» – Тұрсынай Қабыл, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, пауэрлифтингтен Азияның  2 дүркін чемпионы, әлемдік чемрионаттардың жүлдегері. Азия рекордшысы, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысушы;
«Журналистика саласындағы жетістіктері үшін» – Маргарита Иванова, QOSTANAI телеарнасының журналист-редакторы, диктор, бағдарлама авторы, тележүргізуші;
«Жастар кәсіпкерлігі мен Startup жобаларды дамытуға қосқан үлесі үшін» – Айбек Таңатбаев, жас кәсіпкер, «Бердіқаз» кәсіпорнының директоры, Амангелді ауданы;
«Мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін» – Наталья Мурсалина, Қостанай облыстық білім басқармасының бас маманы, «Үздік мемлекеттік қызметші – 2019» республикалық конкурсының жеңімпазы;
«Өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қосқан үшін» – Батыр Оспанов, «СарыарқаАвтоӨндіріс» ЖШС және «АгромашХолдинг KZ» АҚ көлік құрастырушы кәсіпорнындағы жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы;
«Жас батырлар» – Алексей Сыгучов, Красногор боксит кені экскаватор машинисінің көмекшісі. 2019 жылы 4 жасар ауыр науқас балаға бауыр доноры болды;
«Денсаулық саласына қосқан үлесі үшін» – Батырхан Ысмайылов, М.Қарабаев атындағы туберкулезге қарсы шипажайының фтизиатр дәрігері, Меңдіқара ауданында саламатты өмір салтын қалыптастыру бағытында 2 жоба жүзеге асырды;
«Волонтерлік бағытында қосқан үлесі үшін» – Мария Зюванова, Рудный қаласындағы «NewRud» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы, «Шаг навстречу» жастар ресурстық орталығының жетекшісі;
«Мемлекеттік жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін» – Абай Дүйсеков, «ЖасStar» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қостанай облыстық Жастар ісі жөніндегі кеңестің мүшесі;
«Мәдениет және өнер саласындағы жетістіктері үшін» – Анна Уварова, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының студенті, халықаралық, республикалық ән байқауларының жеңімпазы, облыстық Меценаттар клубының арнайы жүлдесінің иегері.IMG_9438
IMG_9458
IMG_9498
IMG_9482
IMG_9537
IMG_9547
IMG_9562
IMG_9610
IMG_9577
IMG_9591
IMG_9602
IMG_9291
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓