Айдар – халықаралық байқаудың жеңімпазы!

20140804_105543Жуырда Беларуссияның Кобрин қаласында балалар шығармашылығына арналған "Орион қанатының  астында" атты  халықаралық ән фестивалі болып өтті. Бұған Қазақстан, Литва, Эстония, Ресей, Чехия, Украина және Польша елдерінің балғын өнер шеберлері қатысты.
 Осының алдында сәуір айында Қостанайда өткен "Золотой микрофон" халықаралық балалар байқауының гала-концертінде өнер көрсеткен 11 жастағы Айдар Жазықбаев  беларуссиялық мамандардан шақырту алған еді. Сөйтіп, Құсмұрын кентінде тұратын жас әнші үш ай бойы шетелдік фестивальге ыждыһатты әзірленді.
Қазақстанның намысын қорғаған жасөспірімнің еңбегі ақталды. Ол фестивальдің бірінші жүлдесін жеңіп алып, онымен қоса "Орион қанатының астында" байқауының Кубогын иеленді.
Халықаралық байқаудың жеңімпазы атанған қостанайлық әншіні марапаттауға Беларусь Республикасы мәдениет министрлігінің өкілдері, ТМД атқару комитетінің мүшелері, сондайақ Қазақстанның Беларуссиядағы төтенше және өкілетті елшісі Ерғали Бөлегенов қатысты. 
Айбек
      КӘДІРҰЛЫ
СУРЕТТЕ:   Айдар Жазықбаев.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓