Кәсіпкер: «Мақсатым – қазақтың тәттілерін брендке айналдыру»
Жуырда Қостанай қаласында ұлттық тағамдар сататын тұңғыш дүкен ашылды. А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының аға оқытушысы, кәсіпкер Гүлнұр Өміржанқызы ұлттық тағамдарды брендке айналдырды десе болады.

Қазақ халқының дәстүрі, киім үлгілері, әндері мен аспаптары туралы көп айтылады, бірақ ұлттық тәттілерді көп жағдайда кездестіре алмаймыз. Күнделікті өмірдегі дастархан басынан да бұл тағамдарды көре бермейміз. Тек дәстүрлі мерекелерде ғана қолданылады. Гүлнұр кейінгі жылдары тәттілерді қазақтар ғана емес, өзге ұлт өкілдері де сатып алатынын байқаған.
«Егер бұл іс арқылы ұлттық тағамдарға деген жұрттың көзқарасын өзгертуге бірден-бір себепкер болсақ, біз үшін, әрине, үлкен мәртебе. Қостанай қаласында осындай дүкендер көптеп ашылуға тиіс», – дегенді айтады кәсіпкер ханым.

Дильназ ИЗДЕЛЮЕВА,
Журналистика мамандығының 3 курс студенті