“Бірлігіміз жарасқан”

Осындай атаумен аудандағы "Айгөлек" бөбекжай-бақшасының "Күнім" тобында 1 мамыр бірлік күніне орай тәрбие сағаты өткізілді. Мақсат – балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға атсалысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Тәрбиешілер бүлдіршіндерге бұл мерекенің мән-маңызы туралы бейнетаспа арқылы түсін-діріп, мәлімет беріп өтті. Тәрбие сағаты барысында балалар достық, бірлік туралы тақпақтарын айтып, би биледі. "Достық" әнін барлығы бірге шырқап, бірлік күніне арналған іс-шара жақсы көңіл-күймен аяқталды.
Мөлдір Дүйсен.
Әулиекөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓