Артық білім кітапта…

"…кітап оқыңыздар! Бүгінде ұлттың бәсекеге қабілеттілігі оның білім деңгейіне байланысты. Кітап адамды жан-жақты дамытады, ой-өрісін кеңейтеді".
Н.Ә.Назарбаев,
(Мемлекет басшысының отандық жетекші телеарналардың журналистерімен кездесуінде айтқаны)
Заманының заңғары Абай Құнанбайұлының "Артық білім кітапта ерінбей оқып көруге" деген өлең жолдарынан көп нәрсені аңғаруға болады. Рухани байлықты кітаптан табасыз. Өткен заманның тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін де кітап. Ақын Қадыр Мырза Әлі "Қандай арманыңыз бар?" деп сұрақ қойған журналистке "Алладан өз кітапханамды тағы бір қайтара оқып шығуға мұрсат беруін сұрар едім" деп жауап берген екен.
Кітаптың пайдасы, маңыздылығы туралы айтылып та, жазылып та жүр. Десек те, интернеттің мүмкіншілігі артқан сайын қағазға үңілу азайып бара жатқандай көрінеді. Алдыңғы буын өкілдері "Кітап оқымайтын ұрпақ өсіп келеді" деген ой айтады. Бұл пікір қаншалықты шындық?
IMG_5234Айдос АТАНТАЕВ,
ҚМУ тарих мамандығының 3 курс студенті:
– Оқушы кезімнен кітап оқимын. Оқып  жатқан мамандығыма байланысты тарихи кітаптарды ақтарамын. "Боздақтар" деген кітап есімде сақталыпты. Себебі, онда Ұлы Отан соғысына қатысқан қостанайлық майдангерлер туралы жазылған.
IMG_5239Алтынкүл ҚАУМЕНОВА,
ҚМУ-дың тарих мамандығының 3 курс студенті:
– Болашақ тарихшы бол-ғандықтан кітапқа жақынмын. Әсіресе, көркем әдеби шығармалар ұнайды. Қостанай өңіріне қатысы бар кітаптармен де танысамын. Мен үшін туып-өскен жердің тарихын, өткенін білу қызық. Кейінгі уақыттары тарихи маңыздылығы жоғары, құнды деректерге толы әдебиеттерді оқып жүрмін. Соның ішінде ежелгі заман тарихына қатысты деректерді білгім келеді.
Соңғы рет Герадоттың көне түріктер тарихы туралы жазған еңбектерін оқыдым. Онда түркілердің қалыптасу тарихы, шаруашылығы, әлеуметтік дамуы, саяси ахуалы, соғыс тактикасы туралы баяндалады.
IMG_5242Ботакөз ДҮЙСЕМБАЕВА,
Н.Островский атындағы қалалық кітапхананың кітапханашысы:
– Ұлы Отан соғысына арналған "Боздақтар" деген кітапты оқып шықтым. Онда біздің өңірден соғысқа аттанған азаматтардың тізімі берілген. Көптомдықтың ішінде менің атамның да есімі бар. Атам Әлмағамбет Смағұлов соғыс ардагері. Майдан даласынан аман-есен оралған. Туған еліне келіп дүниеден озды.
Жастарға Сайын Мұратбековтың "Жусан иісін" оқуды ұсынар едім. Осы кітап маған қатты ұнайды.
IMG_5249Айгүл
СЕЙДАХМЕТОВА,
"Қостанай қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ басшысы:
– Мектепте Мұхтар Әуезовтың "Абай жолын" қолдан тастамайтын едік. Біздің кезімізде бала біткен кітапқа құмар болды. Қазір интернеттің дамыған заманы. Бірақ, кітап оқитын жастар да баршылық. Кітапханаға келіп, ізденіп жатқан студенттерді өз көзіммен көргенмін.
Жас буынның кітап оқығанын қолдаймын. Елбасы Н.Ә.Назарбаев телеарнадан берген бір сұхбатында "Интернетте отыратын жастарды кітап оқитын жастар басқаратын болады" деді. Адамның ой-өрісінің дамуы, рухани баюы кітап оқудан басталады.
Ел мен жердің тарихын білгісі келетін студенттерге Ілияс Есенберлиннің "Алтын орда", "Көшпенділер" деген кітаптарын оқуды ұсынамын. Сәбит Мұқановтың "Мөлдір махаббаты" да қызықты.
Қымбат
        ДОСЖАНОВА
 

You may also like...

1 Response

  1. Қолқоюсыз айтты:

    тума  котен

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓