Қазақ тілін жеделдетіп оқытады
Қостанайда мемлекеттік тілді оқыту курстарына жаңашылдықтар енгізіле бастады. Жеделдетіп оқыту курсы 120 сағаттан 72 сағатқа қысқарды. Жаңа бағдарлама биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап тілдерді оқыту орталықтарында сынақ ретінде оқытылуда. Жақсы нәтиже берсе, кейін барлық орталықтар осы жаңашылдыққа көшпек.Бұл туралы облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Қостанай ауданының тілдерді оқыту орталығында өткен семинарда айтылды. Мемлекеттік тілді қысқа мерзім ішінде жеделдетіп оқыту курсы өзге ұлт өкілдерінің тілді тез меңгеруіне мүмкіндік береді. Тыңдаушылар аз уақыттың ішінде сөздік қорларын молайтып, мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізуді үйренеді.-Жеделдетіп оқыту бағдарламасын жасаудағы мақсатымыз –өзге ұлт өкілдеріне үш айдың көлемінде мемлекеттік тілді үйрету. Бұл үлкен жұмыстың бастамасы. Егер тиімді болса 120 сағаттың орнына 72 сағаттық бағдарламаға көшетін боламыз. Бұл бағдарлама бойынша тілді үйренемін деген кез келген азаматты оқытамыз. 1 қыркүйектен бастап облыстағы барлық 18 тілдерді оқыту орталығының жанынан 10-15 тыңдаушыдан құралған топтар құрылды. Сол топтар жаңа бағдарламамен оқытылуда,-деді облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Меңдекинова.
Қостанай аудандық тілдерді оқыту орталығының директоры Тоты Айтмағамбетованың айтуынша, 72 сағаттық бағдарламалық курс 3 айға арналған. Ал 120 сағаттық курс бір жылға арналған. Өзіңіз салыстырып көрсеңіз, мемлекеттік тілді 3 айда оқып, үйренген тиімді ме, әлде бір жылға созған дұрыс па?
-Әрине, үш ай көлемінде оқып, үйренген жақсы. Мемлекеттік қызметшілердің жұмыстары көп. Оларға үш айлық курс ыңғайлы. Облыста барлығы 18 тілдерді оқыту орталығы бар. Соның бәрінде курстар өтіп жатыр. Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік саланың мамандары және өз еркімен тілек білдірген тыңдаушылар да бар. Қазіргі тыңдаушылардың бәрі өзге этнос өкілдері. Олардың бәрі мемлекеттік тілді білмейді. Біз мемлекеттік мекемелерді аралап, қазақ тілін білмейтін өзге этнос өкілдерін іріктеп, үйретіп жатырмыз. Үш айдың ішіндегі тыңдаушылардың нәтижелері өте жоғары. Олардың арасында қазақ тілінде сөйлеуді меңгере бастағандар бар,-деді Тоты Айтмағамбетова.
Тіл білімі саласындағы тәжірибелі маман, ҚМУ-дың практикалық лингвистика кафедрасының меңгерушісі Гүлжанат Жүрсінәлина жеделдетіп оқыту курсының тиімділігін атады.-Біз тәуелсіздік алғалы бері қазақ тілін оқытып келе жатырмыз. Өйткені, ұлттың негізі қазақ тілінде. Жеделдетіп оқыту бағдарламасын бірқатар ғалымдар қарап шықтық. Курстың тиімділігіне, нәтижелілігіне баса назар аударуға тырыстық. Өйткені, бұл бағдарлама он төрт облыстың ішінде бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Қазақ тілі бір жылдары қарағандылық, енді бір жылдары павлодарлық бағдарламалармен оқытылды. Қостанайлық бағдарлама жақсы нәтиже берсе, республика бойынша қолданысқа енер еді. Кейбір мұғалімдер шығармашылықпен жұмыс істесе, енді біреулері ғылыми жағынан мықты болады. Сабаққа жүрдім-бардым қарайтын мамандар да бар. Соның бәрін бір арнаға топтастыруымыз керек. Тәжірибелі оқытушының білімін басқаларға үйрету жағы кемшін бізде. Соны жетілдіру керек,-деді Г. Жүрсінәлина.

Қымбат ДОСЖАНОВА,
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.