ЖАҢАДАН 25 КИЕЛІ НЫСАН АНЫҚТАЛДЫ

2018 жылы өңірде 331 шақырым жол жаңартылған. Бұл жұмыстарға жұмсалған қаржының жалпы көлемі –  37,6 млрд теңге. Оның ішінде 13,4 млрд теңге республикалық маңызы бар жолдарды жаңартуға кетсе, 10,9 млрд. теңге облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге жұмсалған. Ал қалған 13,3 млрд. теңгеге елді мекендердегі көшелерді орташа және күрделі жөндеуден өткізілген. Бүгінде облыстық және аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының 66%-і талапқа сай келеді. 2019 жылы өңірде жалпы ұзындығы 392 шақырым жолға жөндеу жүргізілмек. Оған облыс және республика бюджетінен 30 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысында есеп берген Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытбек Есенғұлов баяндады. Жиында, сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының облыста жүзеге асырылу барысы пысықталып, сала басшылары аталған бағытта жыл бойы атқарған жұмыстары туралы  қорытынды есеп берді.48368688_502115536964814_5760304799027298304_n
  Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақовтың айтуынша, биыл «Рухани қазына» кіші бағдарламасын іске асыру аясында ұлттық-мәдени бірегейлікті сақтау, заманауи қазақстандық мәдениетті дамыту және насихаттау мақсатында Қостанай облысының мәдениет мекемекелері 2018 жылы жалпы сомасы 178 млн теңгеге 53 кіші жоба мен іс-шараны жүзеге асырған. Өңірлерде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылған. Мәселен, Қостанай ауданында «Қымызмұрындық» фестивалі, Сарыкөл ауданында қазақ ұлттық сәндік-қолданбалы өнердің «Ұлы дала» Oреn Air фестивалі, Амангелді ауданында республикалық «Арайлы ақ таңым – Амангелдім» айтысы, Жанкелдин ауданында «Торғай әуендері», «Бабалар сазы» әндерінің республикалық байқаулары, Лисаков қаласында «Астана – алтын ордам! Лисаков – әсем қалам!» республикалық ақындар айтысы, Қамысты ауданында «Әнім саған, туған жер!» фольклорлық әндер фестивалі өткен.
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы аясында тарихи-мәдени нысандарды, жалпыға зиярат ету орындарын, киелі нысандарды зерттеу мен насихаттау бойынша жұмыс жалғасуда. Мұның сыртында, жаңадан 25 киелі нысан анықталып, оларды бойынша зерттеу жұмыстары қолға алынған. Бүгінде өңірдегі киелі нысандардың инфрақұрылымын жасау бойынша 2018-2020 жылдарға арналған жол картасы әзірленіп жатыр.
            Өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру» жобасын іске асыру  жұмыстары жүйелі жүзеге асуда. Бұл бағытта биыл Тілдерді дамыту басқармасы түрлі форматтағы 2421 шаралар өткізген. Аталған басқарманың ұйымдастырумен 14 қараша күні өткен «Жалпыхалықтық диктант» республикалық акциясына 87994 адам қатысқан. Латын әліпбиін енгізу уақыт талабынан туындаған қажеттілік екенін көпшілікке түсіндіру, насихаттау барысын баяндаған басқарма басшысы Г. Меңдекинова қараша айынан бастап «Қостанай таңы» газетінің атауы латын графикасында жазыла бастағанын тілге тиек ете келіп,  жергілікті баспасөзде мақалаларды жаңа әліпбиде жариялауды біртіндеп енгізуді  ұсынды.
            Жиында облыстағы жобалық кеңселер атқарған жұмыстар туралы да сөз болды. «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің басшысы Н. Әбдібековтың айтуынша, келесі жылдан бастап бағдарламаны жүзеге асыру бойынша қолданыстағы 6 жобаға тағы да 7 жаңа жоба қосылады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓