Бас жоспарға өзгерістер енгізілмек

Қостанай қаласының әкімдігінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің қатысуымен жиналыс өтті. Мәжілісте қаланың бас жоспары талқыланды. Шаһар басшысы Базыл Жақыповтың айтуынша, алдағы уақытта жоспарға өзгерістер енгізілмек.
????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

Базыл Шамұханұлы Қостанай қаласының даму қарқыны жайында және алда атқарылатын бірқатар идеяларымен бөлісті. Әкімнің мәлім еткеніндей, қала аумағында тұрғын үй құрылысына жер жеткіліксіз.
-Біз 2009 жылдың 3 қарашасында Үкімет бекіткен жоспарды толықтай орындадық. Қала қанат жая түссін десек, бүгінгі бас жоспарға түзетулер енгізу қажет. Өзгерістер жасау үшін шамамен 1 млрд теңге жұмсалмақ. Жаңа жобаны Рудный қаласына қарай, яғни солтүстік-батыс аумаққа ыңғайластырып жасауды жөн санаймыз. Құрылыс аймағы – 95 гектар,-деді қала әкімі.
Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов бұл бастаманы қолдап отыр. Дегенмен, құрылысышларға ескерту жасады. Болашқта тұрғын үйлердің бәрін бірдей қызыл кірпіштен емес, басқа да түрлерін салу керек дейді А.Мұхамбетов.
Толығырақ газеттің алдағы санын оқи аласыздар.   
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓