Балаларға лайықты қамқорлық

IMG_1006Қостанайдағы балалар ауруханасында көрсетілетін  қызметке ата-аналар  дән  риза.  Мұнда тек     қалада тұратын балалар ғана қабылданып қоймайды. Облыстың түкпір-түкпірінен келетін сәбилер де  қабылданады.
Аталған медицина орнындағы оңалту бөлімшесінің маңызы зор. Онда мүмкіншілігі  шектеулі балалар емделеді. Аяқ-қолы дұрыс жұмыс істемейтін  немесе анықтап сөйлей алмайтындарға жәрдем  беріледі.
Ауруханадағы бөлімше бірінші маусымнан  жұмыс  істеуде. Алғашында он  бес  бала қабылданды. Тапсырыс берушілер көбейгендіктен келер  жылы емделушілер саны отызға дейін жеткізіледі.
IMG_0898Емдерді  қабылдау  жиырма бір күнге  дейін   созылады. Дәрігерлер саны – он  сегіз. Бұлар – педиаторлар, нев-ропатологтар, логопедтер, функционалдық диагностика дәрігерлері және  медбикелер.    Қажетсінгендерге күн сайын  емдер  белгіленіп  отырады. "Мария Монтессори" педагогика бағдарламасы жүйесімен емдеу аса сәтті.
Ата-аналар ауруханаға бірге келеді. Бес кереует  балалы аналарға  арналған. IMG_0889Олар баланың емдерді  қалай  қабылдайтынын бақылайды. Дәрігерлерден кеңестер алады.   
Бүгінгі  күнге  дейін отызға жуық сәби емделді.   Қазір он бес сырқат бөлімшеге қабылданған.  
Айта кетейік, былтыр түрлі неврологиялық жағдайда сырқаттанған 193  бала  Астанада емделді. Сонан қырық жеті квота пайдаланылмады. Квота алған  ата-аналар сәбилерімен қоса қабылданбағандықтан  ұсынылған квотаны  алмай қойған. Алматы қаласына жиырма бір квота  бөлінген. Әйтсе де, соның он сегізінен бас тартушылар  болған.
IMG_0977Бұлар жердің шалғайлығынан және шығынның көптігінен  туындаған  себептер. Қазақстанның медицина министрлігі осындай қиындықтарды ескеріп Қостанайдағы балалар ауруханасында оңалту  бөлімшесін ашты. Мұндай қамқорлыққа әркім де риза.
Емдеу  процесі тәулік  бойы жүргізіледі. Себебі, әрбір  баланың  ағзасы түрліше, емдерді  қабылдау ерекшелігі тағы бар. Соған байланысты белгіленетін емдер сапалы болуы керек, – дейді аурухананың  бас дәрігері Әсия   Бәйменова.
Әсия   Қожанқызы емдердің   қатарында электрлі  ұйқының, физиопроцедураның, гидрокинезотерапияның,  саунаның, құрғақ бассейннің,  оттегі   коктейлінің,    галакамераның   пайдалылығын тілге  тиек  етті.
Суреттерде:  ауруханадағы  емдеу бөлімшесінде.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓