Сегіз мың құқық бұзушы анықталды
Қаладағы құқық бұзушылар назардан тыс қалмайды. Автокөліктің, жаяу жүргін-шінің қозғалысы арнайы бейне бақылау арқылы бақылауға алынады. Таяудағы күндерге дейін сегіз мың тәртіп бұзушылық бейне таспаға жазылды.
Шұғыл бақылау орталығы қаладағы қозғалысты қалт жібермей, бейне көрініспен қарап отырады. Жыл басынан полиция қызметкерлері бір мыңнан астам ұсақ құқық бұзушылықты тізімге тіркеген.
Атап айтқанда, орталықтың жұмысы қызықты. Бақылау бақылау нүктесіне 156 бейне камера орнатылған. Бұлар қаланың көшелеріне, қоғамдық орындарға қойылған. Солардың көмегімен жоғарыда ескерткеніміздей 8395 құқық бұзушылық оқиға бейне таспаға жазылды. Соның 1314-і тиісті заңның 387 бап бойынша әкімшілік құқық бұзушылық, сексені 330 бап бойынша тентектік жасаушылық екен.
Бұл игі шара жол қозғалысын қаперде ұстауға тиімді. Әрбір жұмыс орнында электрлі карта бар. Бұлармен қаланың инфрақұрылымы алақанға салғандай көрінеді. Тіпті, полиция нарядтарының қызметіне баға беріледі. Көрсетілімдерге спутник жүйесінің көмегі үлкен.
Аталған орталықтағы мәлі-меттерге сүйенсек, "Приора" маркалы автокөліктің бірнеше жүргізушісі кінәлі болғаны дәлелденді. Жүргізушінің, жолаушының машина ішінде қауіпсіздік белбеуін тақпағаны анықталады. Автокөлік салонынан темекі тұқылын сыртқа лақтырғандар да жазасын алады.
Қолданысқа қолайлылығымен танылған бейне бақылау орталығында қызмет атқаруға, әсіресе, жастар құштар. Қысқа мерзімдік тыңдаушылар курсына келгендер "102" жүйесінде оператор болуды қалайды.
Қостанай қалалық ішкі істер басқармасында практикада болған Тайгүл Жанатова "102" операторы болғанда күніне 170-тен 250-ге дейін хабарды қабылдаған. Тайгүл қиындыққа қайыспайды. Халықтың тыныштығын сақтау үшін полицейлік қызметті таңдаған.
Суретте: жас полицейлер бейне бақылау арқылы қалай жұмыс істеу керектігімен танысуда.