Меморандумға қол қойды

   Облыстық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Мұрат Әбенов пен облыстық соттың төрағасы Асламбек Мерғалиев өзара ықпалдастық жөніндегі меморандумға қол қойды.DSC_9919
              Ондағы мақсат – өңір кәсіпкерлерінің құқығын қорғау. Келісім аясында тараптар одан арғы заңдылықтарды жетілдіру, сотқа дейінгі мәселелер бойынша құқықтық жәрдем көрсету, кәсіпкерлерді сот жүйесінің қызметі туралы ақпараттармен қамтамасыз етуге уағдаласты.
            Меморандумға қол қоюшылар түйіні тарқатылмаған мәселелерді талқылай келіп, бақылаушы органдардың заңсыз әрекеттерінің салдарынан кәсіпкерлер мүліктерінен, айрылып, қарызданып қалатындығын айтты.
             Облыстық соттың төрағасы А.Мерғалиевтің айтуынша, соттар өз тәжірбиесінде кез келген шешім шығысымен бонкроттау туралы іс қозғамайды. Мәселен, қостанайлық сот органдары қараған 24 жағдайдың 21-інде бизнес өкілдері өз істерін одан әрі жалғастыруға мүмкіндік алған.DSC_9934
           Өзара ықпалдастық туралы қол қойғаннан кейін, кәсіпкерлер палатасы бизнес иелерімен заңсыз соттасатын мемлекеттік органдарды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныс білдірді.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓