Құтқарушыларға құрмет көрсетілді

Ұңғымаға құлаған баланы құтқарған жедел құтқару жасағының қызметкерлері марапатталды.
Естеріңізге сала кетейік, 10 тамыз күні сағат 17:25-те Қостанай облысы Садчиков ауылында жеке аулалардың бірінде тереңдігі 3,5 метр су ұңғымасына екі жасар бала құлап кеткен еді. Оқиға орнына келген бойда құтқарушылар баланы аман шығарып алу үшін уақыт жоғалтпай, ұңғымаға жанама шұңқыр қазуға кіріскен. Бала кептеліп жатқан тұсты бүйірлей ұңғып, үстіге есен-сау шығарып алған болатын. Сәби медициналық көмек бригадасына тапсырды. Операцияға 9 адам және 2 техника жұмылдырылды.
Құрмет грамоталары жедел құтқару жасағының жетекшісі Аиб Базарбаевқа және Игорь Страшной, Арман Қасымов, Артем Лапич, Сергей Левшин, Руслан Әбішев, Ардақ Бимендинов, Темірлан Жүсіпов, Омар Садуов, Серік Жұмағұлов сынды құтқарушыларға табыс етілді.Қостанай облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Біржан Кәрімов марапатталғандарға баланың өмірін сақтап қалуға және ауыр зардапқа ұшыратпау жолында көрсеткен батылдықтары мен жоғары кәсібиліктері үшін алғыс айтты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓