Ардақтым, Әулиекөлім!
Өткенге салауат, ол фәниден бақиға озғанда Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова:
Ұстаз өтті өмірден, ғажап адам,
Ұлағатпен санаңды тазалаған.
Бұлғын мінез көрсетсең балалықпен,
Сыбамай-ақ сын көзбен "жазалаған".
Ұстаз өтті өмірден, білім берген,
Жүрегінен шәкірттің жырын терген.
Ұятты қыз, өсер ұл келешегін,
Ол бақилық сапарына аттан-ғанда Социалистік Еңбек Ері, осы Әулиекөл аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Қамидолла Тұрғынбаев мынадай естелік айтты:
"Кенжеғали ағай екеуміздің таныстығымыз менің сонау мүлде жас шағымда, ауылда егіншілік бригадирі болып жүрген кезімнен басталып еді. Ол кезде күзгі жиын-терін науқанында мектеп оқушыларын қырмандағы жұмысқа көмектесуге жұмылдыратын. Сондай бір топқа жетекшілік жасап, Кенжекеңнің біздің ауылға келуі менің бүгінгідей дәрежеге жетуімнің қозғаушы күшіндей болды. "Сенің білім алуың керек. Болашағың алда. Білімсіз алға баса алмайсың". Бұл мені қатты ойландырды. Ол кезде "мектепті экстерно бітіру" дейтін болатын. "Семиозер орта мектебін бітірді" деген құжатты алған соң бәрі осымен біткен шығар деп ойласам, мүлде қателескен екенмін. Кенжекең мені тағы биіктерге ұмтылдырды. Институтты бітіріп, жоғары білімді диплом алып, совхоз директоры, аупарткомның бірінші хатшысы қызметтеріне дейін көтерілдім ғой. Мен бүкіл абырой-атағыммен осы кісінің алдында қарыздар болғандықтан да осында келіп отырмын. Мен ғана емес, ол мендей талай жанға көмектескен шын азамат болды".
Осындай жоқтау мен естеліктің өзегіне айналған Еңбек Қызыл ту Орденді Кенжеғали Батырбеков 1953 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын химия-биология мамандығы бойынша тәмамдап, академиялық жоғары білім алған соң, жолдамамен ол кездегі Семиозер ауданының орталығы – Семиозер селосындағы Шоқан Уәлиханов атындағы қазақ орта мектебіне мұғалім болып орналасып, содан бақилық сапарға аттанғанша бір орнынан ауыспай жұмыс істеген, талай-талай танымал тұлғаларды тәрбиелеп шы-ғарған ұлағатты ұстаз болды. Ұлағатты ұстазға сауал айтып, ас берілді.
Асқа 150-дей адам жиналды. Аста шәкірті, әрі ұзақ жылдар бірге ұстаздық еткен әріптес інісі Сағындық Досмағамбетов былай деді: "Қазақта үш алып бар, олар – Ыбырай, Шоқан, Абай. Менің де үш алыбым болды. Олар – өзімді оқытып, тәрбиелеп, ақыр аяғында ұстаздық еткен кезімде ақылшы болған ағаларым. Қазымбек Спанов ағай менің Ыбырайым болды, Мейрам Мұхамеджанов – Шоқаным, Ал Кенжеғали Батырбеков – Абайым болды". Бұл сөзден артық не айтарсың!
Иә, Әулиекөл – менің жастық шағым өткен, жүрегіме айрықша ыстық жер. Өйткені мұнда өзіме білім мен тәрбие беріп, өмірдің ұзақ сапарына аттандырған ұстаздарым, бірге оқыған құрбы-құрдас достарым бар. Әулиекөлге ат басын тіреу үшін алматылықтар Аманқарағай стансасына пойыздан түседі. Екі ауылдың ортасы шамамен 10 шақырымдай. Сол Аманқарағайдан Әулиекөлге жеткізетін тас жолдың тегістігі қайран қалдырғаны сондай, іштей оны салған жолшы-құрылысшыларға алғысымды әлі жаудырамын. Себебі, мұндай жолдың Алматыда да жоқ екенін көрген адаммын ғой.
Осы сапарда ең алдымен өзіме ертеден таныс Ш.Уәлиханов атындағы Қазақ орта мектебіне кіріп, ұстаздарына сәлем бердім. Қазір екіқабатты ескі мектеп үйін бас-тауыш сыныптарға қалдырып, орта мектеп жаңадан салынған үш қабатты үлкен ғимаратқа көшкен екен. Одан кейін, аяңдап ұстазым Мейрам Мұхамеджанов ағайға кіріп сәлемдестім. "Ассалаумағалейкум" деуім мұң екен, түріме аз-кем қарап алған ардақтым "Сен Жұмабек емессің бе?" деп құшағына басты.
Әулиекөл өзгеріпті. Ауылдың өскендігі соншалық, мұны жаяу аралау мүмкін емес. Жүрген жолдан, көз түскен нысандардан жанашыр қолдың ізі көрініп тұрғандай. Орталық алаңдар адам айт-қысыз өзгеріске еніп, жаңа келбетке еніпті. Өзіміз балалық шақта талай шомылған көлдер маңайы абаттандырылып, мұғалімдер көліне балалар катамаранмен жү-зетіндей әдемі жағдай жасалған екен. Іскер де жанашыр қолдың ізі бұл жерден де анық байқалады.
…Пайдалы қазбалары, индустриясы жоқ осынау ауданның қалайша көркейгенін сұрастыр-ғанымда, мұндағылар: "Өткен жылдары қызмет еткен әкім-деріміз – Бақытжан Темірұлы Ғаязов, одан кейін келген Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов деген әкімдеріміз іскер, ел үшін жұмыс жасайтын нағыз азаматтар болды. Ел іші әлі күнге дейін ауыздарынан тастамайды", – деп мақтанышпен жауап берді.
Жұмабек ЖАНДІЛДИН.