Кәсібінің нәсібі

Әрине, оның бизнес-жоспарын жасауына "Дамудың" Арқалық қалалық филиалының қызметкері Серік Байтұров көмек көрсетті. Өйткені Әсел бизнес-жоспарын жасар кезде Аманкелдіде "Даму" қорының аудандық филиалы құрылмаған еді. Бұл филиал Аманкелдіде жақында ғана ашылды.
Жеңімпаз болып отырған Әсел кім деп ойларсыз? Ол – 1992 жылы туған, қарапайым да көп балалы отбасынан шыққан кәдімгі ауыл қызы. Төрт айлық сәби кезінде оған сәтсіз екпе жасалады. Содан бірнеше рет орталық ауруханада жатып емделеді. Аудандық аурухананың сол кездегі балалар дәрігері Роза Бәл-жанқызы емдеп, жазады. Алайда ол түбі бұл дерттің қайталанатын ескертеді. Ақыры арада 17 жыл өткенде, Б.Қолдасбаев атындағы орта мектептің 11 сыныбында оқып жүргенде Әсел екі аяқ, екі қолы жансызданып, сал болып қалады. Бұл – 2009 жылдың желтоқсан айы-ның 15 жұлдызы еді. Аудандық ауруханадағы дәрігерлер Әселдің
ден-саулығын тексеріп, Қостанай қаласына апаруға жолдама береді. Бұл жас жұбайларға қаражат жағынан қиынға соқты. Сол кезде аудан орталығындағы "Айко" жанармай құю станциясының директоры Дәулет Уәлиев үлкен көмек көрсетті. Ол сөз айтпастан Қостанай қаласына барып-келетін көлікке жанармайды тегін құйып береді. Бір емес, бірнеше рет осылай істеді.

Әсел Қостанайдағы облыстық ауруханада айлап жатып, жетінші айда біршама жазылып, Аманкелдіге келді. Мі-не, содан бері бес жылға тақау уақыт өтті. Әсел құлан-таза айығып кетпегенімен, үй-ішінде өз бетінше ақырын-ақырын қозғалады. Соған қарамастан өзді-гінен түрлі жаттығулар мен қимылдар жасауда. Әселдің ата-анасы:
– Біз әуелі Аллаға, сосын қазір Астана қаласында қызмет істейтін білікті, жоғары санаттағы балалар дәрігері Роза Бәжанқызына жә-не аманкелділік кәсіп-кер Дәулет Уәлиев, "Дамудың" Арқалық қалалық филиалының қызметкері Серік Байтұров ағаларға шексіз алғыс айтамыз. Осы кісілердің көрсеткен әкелік қам-қорлықтардың арқасында қызымыз өмірге жаңа келгендей болды. Бәріне де тек қана жақсылық тілейміз! – дейді Нұрлан және Гүлдерай Ещановтар.

Әсел сол тігін машинасымен ұлттық үлгіде бірнеше құрақ көрпелер, қоржындар, түрлі киімдер, тойларға қажетті жасаулар жасапты. Оның қолынан шыққан бұйымдар әсем де сапалы. Оған аудан орталығындағы балабақшалар да тапсырыс береді екен.
– Әсел балалардың киімдерінде сондай жақсы жасайды! – дейді "Жұпар" балабақшасының басшысы Гүлжамилла Ермекбайқызы.
Әсел қазіргі күнде өте қуанышты. Жүзі бал-бұл жанады. Әрдайым жымиып күліп тұрады. Дидарында иман нұры ойнайды. Оның жасуды білмес жігерлі қалпына қарадай риза боласың. Өмірге деген құштарлығы күшті.
Әселге ата-анасы оған барлық жағдайды жасады. Бөлмесі кірсе шыққысыз. Әрине, көздің жауын алатын жалт-жұлт еткен түрлі әшекей бұйымдар жоқ. Бөлмеше барынша қарапайым, бірақ сондай әдемі. Әселге деген ата-анасының, бауырларының ыстық ықыласы ерекше. Әсіресе әке-шешесі Әселдің өз бетінше кәсіппен айналысқанына ырза.

Шынында да, Әсел – ғажайып жас! XXI ғасырдың Мересьевтерінің бірі десек артық айтқандық болмас.
Әне, ол үйіндегі тігін машинасымен жұмысқа кірісіп кетті. Көңілді. Істеген ісі өзіне ұнайды.
– Біздерге айрықша қамқорлық жасап отырған Елбасымыз – Нұрсұлтан Назарбаев атамызға шексіз алғыс айтамын! Ол кісіге ұзақ та бақытты өмір және еңбегіне зор табыстар тілеймін! – дейді Әсел Нұрланқызы Шіменбаева.
Хамитбек
МҰСАБАЕВ
Суреттерде: Әсел Нұрланқызы Шіменбаева жұмыс бөлмесінде; "Даму" қоры мен "Құс жолы" акционерлік қоғамы берген сертификаты; ол ата-анасы Гүлдерай мен Нұрлан Ещановтар бірге; Әсел жасаған екібасты қоржын және мен құрақ көрпелер.
Суреттерді түсірген автор.