Қамкөңілдерді қуантты

Қостанай қаласындағы «Жанұя» балалар үйінің тәрбиеленушілерін жаңа жыл мерекесімен Қазақстан Ассамблеясының мүшелері құттықтап қайтты. Астықты өлкедегі тәжік этномәдени орталығының төрағасы Эргешвой Холметов мырза, Абдуқаһор Сафаров, Фато Мусиев сынды тәжік ұлтының азаматтары бүлдіршіндерге сыйлықтар мен тәттілер тарту етті.800-Балақайларға қуаныш сыйлау, жүздеріне күлкі ұялату әрбір адамның міндеті. Олар қазақ елінің азаматтары. Ешкімді бөліп-жармай, қамқорлық көрсету қажет. Біз осы жылы екінші рет келдік. 50-ден астам балаға кәмпиттер мен түрлі сыйлықтар сыйға тарттық.   Тәжік этномәдени орталығы құрылғалы балалар үйіне 12 мәрте атбасын бұрып отырмыз. Қолдан келгенше көмек көрсетуге тырысамыз,-дейді Эргешвой Холметов.802
Қамкөңіл балаларға қамқорлық көрсетіп, ақ батасын беріп, жарқын болашақ тіледі. Алдағы жаңа жыл тек жақсылық әкелуін нәсіп қылды.801
Кенже Қонысбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓