Шарана денесі табылды
4 қарашада болған бұл деректі облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер растады.
Қарасу аудандық ІІБ-не 46 жастағы ер кісіден өзен жағасынан пакетке салынған шарананың денесін тауып алғандығы туралы хабарлама түскен.

"Жедел тергеу шаралары барысында Қарасу ауылының 32 жастағы тұрғыны күдікке ілінді. Аталған дерекке қатысты сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", – делінеді хабарламада.