Елден қашқан алаяқ сотталды

Іс материалдары бойынша, азаматша В. өзі  тұрған Жітіқара қаласында таныстарынан үнемі қарызға ақша алып, оны қайтаруға асықпаған. Кейін үнемі алашақ ақшаларын сұрап мазалаған жерлестерінен арасын аулақ салу мақсатымен ол Қазақстан Республикасы аумағынан шығып, Белорусь Республикасына кетіп қалған.

ал

Халықаралық іздеуге жарияланған азаматша көршілес елден ұсталып, елге жеткізілді. Сот процесі барысында айыпталушы таныстарынан  алған 3 млн. 75 мың теңгенің тек 150 мың теңгесін ғана қайтарған.
Жітіқара аудандық сотының үкімімен азаматша В. ҚР ҚК-нің 190 бабы 3 бөлімі 1 тармағы бойынша 4,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп, мүлкі тәркіленді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 
Қарлығаш ОСПАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓