Екінші рет кісі өлтірді
Осы жылдың 17 қаңтар айында қостанайлық 47 жастағы тұрғын екінші мәрте ауыр қылмыс жасағаны үшін қолға түскен еді. Бұл туралы alau.kz хабарлайды.
Күдікті 2009 жылы кісі өлтірді деп айыпталып, 6 жылға бас еркіндігінен айырылған болатын. 2017 жылдың қаңтар айында ол тағы да бір адамның – өз досының өмірін қиды. Іс материалына сүйенсек, екеуі спирттік ішімдік ішу барысында тілге келіп қалған. Шиеленіс тұрмыстық мәселелер төңірегінде туындаған. Ақырында ол досына пышақпен соққы жасаған. Салдарынан жәбірленуші оқиға орнында тіл тартпай кетеді.
Облыстық прокуратура 47 жастағы қостанайлыққа қатысты қылмыстық іс мамандандырылған ауданаралық сотқа бағытталды.