Кәмшат Дөненбаева өмірден озды
Қазақ елінің батыр қызы, атақты механизатор, тың игеруші, Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Дөненбаева дүниеден озды.Кәмшат Байғазықызы еңбек жолын Ұзынкөл элеваторында жұмыс істеуден бастаған. Ол 1961 жылдан Қостанай облысы, Боровский ауданы "Харьков" совхозында механизатор болып еңбек еткен. Қостанай облысының Меңдіқара ауданындағы "Каменьск-Уральский" кеңшарында механизаторлар дайындайтын курсты,Қостанай ауыл шаруашылык техникумын сырттай оқып бітірген. 1972 жылы қайырмасыз соқамен жер жыртуда әйел механизаторлар арасында өткізілген облыстық жарыста бірінші орынға, республикалық жарыста үшінші орынға, 1973 жылы Ростов облысындағы Зерноградта бүкілодақтық жарыста жүлделі орынға ие болған.
1973 жылы 26579 га, 1974 жылы 38158 га, 1975 жылы 37199 га жер жыртып, жылдық міндеттемелерін асыра орындаған. Қазақ қыздарының ауыл шаруашылық техникаларын меңгеруіне үлгі өнеге болды. Камшат Дөненбаеваға Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің Құрмет дипломы жөне "Москвич" автомашинасы берілді. Ол СОКП XXV съезінің делегаты, IX сайланған КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты (1974).
1990-1993 жылдары осы кеңшарда қауіпсіздік техникасының инженері, 1993 жылдан шаруа қожалығын басқарады. 1980-1985 жылдары КСРО- Жоғарығы Кеңесінің Ұлттар Кеңесі төрағасының орынбасары болды. 1976 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Екі рет Ленин орденімен, Құрмет белгісі орденімен марапатталған.
Облыстық "Қостанай таңы" газетінің ұжымы Кәмшат Дөненбаеваның туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады.
… Құрметті АҒАЙЫН! Барша қазақстандықтар! … Марқұм болған КӘМШАТ АПАмыздың қазасы қайырлы болсын…!!! Иманы жолдас болып, мәңгілік мекені — жұмақ болсын!!! Аллаһтағаланың шапағат-нұрына бөленсін?! — деген тілекпен қол жайып, ДҰҒАмызды қайырдық… Әмин!!!
Кеңестік дәуір кезінде менің Отаным — Аманкелді ауданының Иманов атындағы кеңшарында (совхоз дир. Әбжанов Сыздық ағай, партком секретарьлары: Әлмағамбетов Бөгетбай ағай, Жұманов Асекең, сосын …Қойшығұлов Молдаш ағай, Бекішев Мырзамсейіт ағай, Искаков Тұрғынбай ағайларымыз, комсомол хатшылар: Әбділдин Көкен ағамыздан (1965 жылдан бастап, 80-жылдар аралығында талай-талай керемет қыз-жігіттер болды!) осы КӘМШАТ апамыздың бастама-үлгісімен екеу-үшеуден, механизатор, тракторшы, жүргізуші, токарь-слесарь, дәнекерлеуші сияқты ауылшаруашылығы мамандықтарына қысқа курстарда оқып, одан бірқатар көрші ауылдарда да қыз-келіншектер, механизатор-жүргізушілікке ие болып, имановтықтар қозғалысына үн қосты. "Сарыторғайда" Ахметова Қойсын апамыз керемет шофер болды. Аудан басшылары алғаш жүргізуші –қарлығаш-қызды лайықты бағалап, кейінгі жастарға үлгі етіп, аукомсомолдың екінші хатшылығына — қызметке жоғарлатты. Сол заманда — орыс қызы Валентина Гаганова мен қостанайлық шошқа өсіруші-қазақ қызы ДӘМЕЛІ Жақсылықованың бастамалары да (мұсылман қызына доңыз бақтырған сол заман саясатының атасына нәлет!) бүкіл Қазақстан бойынша қыз-келіншектер арасында қатты қарқын-қолдау тапты.
КӘМШАТ апайдың теңдессі жоқ еңбек үлгісімен — менің ғана "ҮРПЕК" — туған ауылымнан шыққан механизатор-жүргізуші, техника саласының 60-80 жылдардағы майталман мамандары: танымал болған қыз-келіншектерді, жас аналарды есіме түсіріп көрейінші: МҰҚЫШЕВА Ханша, НҰРҒАЛИЕВА Күлбәтира, БАИДИЕВА Сандуғаш, ЖҮНІСОВА Ақбөпе, ЖҰМАБЕКОВА Күлзия, СМАҒҰЛОВА Аймантай, СМАЙЫЛОВА Базаркүл, ТӘЖІҒҰЛОВА Күлпатша, ОРАЛБАЕВА Тұрсынай, т.б. тізім осыдан кейінгі жылдары да осылай жалғасып кете береді. Қазақ елінің батыр қызы, атақты механизатор, тың игеруші, Социалистік Еңбек Ері, СОКП XXV съезінің делегаты, IX сайланған КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты Дөненбаева Кәмшат апа Байғазықызының аты-жөні мен түр-тұлғасы, тәрбиелі әйел-отанасы ретіндегі бала өсірген аналық мейірім–махаббаты, еңбек бастамасы мен ерен ерлігі, "К-700" сияқты алып тракторды ұршықтай үйіріп, отыз жылдан аса онымен жер жыртқаны, астық тасып, Ел байлығын еселегені үшін, басқа ұлттар мен бүкіл Мәскеуден бергі елді таң-тамаша қалдырып, ҚАЗАҚ деген ҰЛТ-ХАЛЫҚты Әлемге танытқаны үшін БІЗ — ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ марқұмның мәңгілік жасампаз рухына қарыздармыз! ӘМИН!