ЖКО куәгерлері іздестірілуде

Қостанайда тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасының куəгерлерін іздестіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. дтпЖол апаты 31 қазан күні сағат 20:00-дер шамасында болған.
«Қобыланды батыр даңғылы бойымен қатты жылдамдықпен келе жатқан «Mitsubishi» көлігі әйел адамды қағып кеткен. Көлік рөлінде 54 жастағы ер адам отырды. Әйел оқиға орнында мерт болды», – деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Аталған факт бойында қылмыстық іс қозғалды. Қостанай полициясы оқиға куəгерлерін іздестіруде.
Аталған жол апатын көрсеңіз, мына телефондарға хабарласыңыздар: 87142526336, 87773307872 жəне 102.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓