«Тілге құрмет – елге құрмет»
Бүгін «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты мен облыстық тілдерді дамыту басқармасының ономастикалық жұмыс бөлімі бірлесе отырып «Тілге құрмет – елге құрмет» деп аталатын акция ұйымдастырды.
Облыс орталығының әрбір түкпірінде орналасқан ірі сауда үйлері мен қоғамдық орындарда өткен шараға жұртшылық үлкен қолдау білдірді. Акция барысында жасотандықтар шаһардағы сәні келіскен сауда үйлері мен дәулеті шалқыған мейрамханалар, қала берді шағын шеберханалардың сыртындағы мүгедек маңдайшалар мен жарымжан жарнамалармен қалай күресудің жолын түсіндіріп, бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Аталмыш акция туралы толық ақпаратты газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.
Мешіт Ғазиз
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай