Шекараны заңсыз кескен

Таран аудандық соты 33 жастағы Ресей Федерациясының азаматы М-ға қатысты қылмыстық істі қарады. шекараҚазақстан аумағынан шығуға тыйым салынған М. шекараны өткізу пунктінен тысқары жерден заңсыз кесіп өткен. Ол бірнеше ай өткен соң «Қайрақ» кеден бекетінде ұсталды. РФ азаматын тексеру кезінде оның елден қасақана шыққандығы анықталды.
Осылайша, ол ҚР ҚК 392-бабы 1-бөлігі бойынша (ҚР Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) қылмыстық құқықбұзушылық әрекетке барған.
Істі қарау нәтижесінде азамат М. айыпты деп танылып, оған алты айға бас бостандығынан айыру және ҚР шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберу жазасы тағайындалды. «ҚР Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық туралы» ҚР Заңының 2-бабы 1-бөлігіне сәйкес, ол жазаның бас бостандығынан айыру бөлігінен босатылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓