Әріптестік арта түспек

Бүгін Қостанайда "ChinaNationalVehiclesImportAndExportCorporation", «СарыаркаАвтоПром» ЖШС және "Кazakhexport” "Экспорттық Сақтандыру Компаниясы" АҚ арасында әріптестік меморандумға қол қойылды. Нәтижсінде "САП" ЖШС JAC көлігін Ресей нарығы үшін құрастыратын болады.f2eab505-cf47-4ce1-b79a-f2745e0ff22b
– Бүгінде автонарықта бәсекелестік жоғары. Әлемдік алпауыттармен иық тірестіру оңай емес. Кәсіпорынның халықаралық әріптестерімен бірлесе қимылдауына жергілікті билік те қолдау жасап отыр. Жақында ғана екі бірдей келісімшартқа қол қойылды. Рас, мемлекеттің қолдауы кәсіпорынды қандай қиын шақта да құлдырауға жіберген жоқ. Бүгінде өндіріс орны көліктердің түрін көбейтіп, өнімдердегі қазақстандық үлесті арттыруға көшті. Біртіндеп сыртқы нарыққа да жол ашыла бастады", – деді Юрий Цхай.bc0e132c-a27e-422f-a34b-1073f3b44afb
Жоспар бойынша «СарыарқаАвтоПром» зауыты жыл соңына дейін алты мың дана көлікті сатылымға шығаруға ынталы. 
Кәсіпорын Қытай, Ресей, Өзбекстан сияқты елдермен тығыз байланыста. Соңғы жеті жыл ішінде зауыт 30 мың автокөлік құрастырды. Автобус өндірісі 12,4 есеге артты. Жыл басынан бері 215 «Ивеко» маркалы автобус құрастырылып, Астанада өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне келушілерді тасымалдауға жөнелтілді. Биыл «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-нің өндірістік алаңында ANKAI атты автобустардың бірлескен зауыты іске қосылды. Автобустар «Еуро 5» экологиялық талаптарына сай келеді. Газбен де, дизельді отынмен де жүреді. 39498075-e485-4061-b64d-c452c0ced48dТехникалық директордың айтуынша, биыл кәсіпорын жеңіл көліктер өндірісін 1,9 есеге арттырған. Сондай-ақ, 2126 жеңіл көлік конвейерден шыққан. Оның ішінде 1149 – «Хюндай», 290 – «Равон», 283 – «Джак», 173 – «Шевроле Нива», 119 – «Пежо» және 19 «Ссан Йонг» көліктері сатылымға шығарылды. Барлығы 41,6 млрд теңгенің өнімдері өндірілді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓