Шетелдік көлік нөмірін заңдастыру қанша тұрады?
Бүгін парламент салық кодексіне енгізілген түзетулерді қабылдады. Енді қазақстандықтар шетелден әкелінген көліктердің нөмірін арзан бағаға заңдастыра алады.
Тұрғындар енді өзге елдерден әкелінген автокөліктерді тіркеуден өткізуге бұрынғыдай қыруар қаржы жұмсамайды. Заңға енгізілген өзгерістерге сай, елімізде бастапқы тіркеуге қою бағасы 200 мың теңге болып белгіленді. Жалғыз шарт — автомобиль Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жеткізілген болуы керек.
"Бұл қадам 300 мың автомобильді тіркеуден өткізіп, жергілікті бюджетті салықпен толтыруға мүмкіндік береді", — дейді Сенат депутаты Ғұмар Дүйсембаев.