Маңызы бар шаралар
Қостанай гарнизонының әскери прокуратурасы ҚР Ұлттық гвардия 6697 әскери базасында ерекше «Ашық есік күні» акциясын өткізді. Оған аймақтық балалар үйі, Қостанай жасөспірім және жетімдерге арналған баспана, Қостанайдағы жетім балаларға арналған интернат мектебі, кемеліне толмағандарды бейімдеу орталығы, отбасылық типті «Жанұя» балалар ауылының тәрбиеленушілері қатысты. Бұл акция патриоттық рухты, Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, тәрбие және әскери қызметтің имиджін көтеруге бағытталған.

Жәудіркөз балғындар түрлі техника, қару-жарақ, саптық байқау негіздері мен жауынгерлік алған білім,және де мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің тұрмысымен танысты. Балаларға қызық болғаны –мамандардың кинологтар қалашығына барып, қызметтік иттермен жұмыс барысында жасалатын түрлі дайындық көрінісі. Мұның сыртында білім жарыстыру мақсатында викторина өткізіліп, тәрбиенушілерге бағалы сыйлықтар табысталды, оларға арналып дастархан жайылды.

