Облысқа мыңнан астам ресейлік келген

Соңғы тәулікте Қостанай облысына 1 мыңнан астам Ресей азаматы келген. Көші-қон ағыны екі есе артты. Осыған байланысты ПД Көші-қон қызметі басқармасы шетел азаматтарының Костанай облысының аумағында болу тәртібін еске салады."Шетелдік азамат Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәттен бастап қабылдаушы тарап 3 жұмыс күні ішінде шетелдіктің нақты болған жері бойынша ішкі істер органдарын хабардар етеді. Бұл рәсімді "e.Qonaq" ақпараттық жүйесі, "визалық және көші-қон порталы" арқылы жүзеге асыруға болады, сондай-ақ шетелдіктердің нақты болатын жері бойынша полиция органдарына жүгіне алады. Шетел азаматтарының елде болу мерзімі Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен (РФ Армения, Беларусь, Қырғызстан, Әзірбайжан және Тәжікстан) Қазақстанда 90 күнге дейін болатын азаматтарды қоспағанда, шекарадан өткен күннен бастап 30 күнге дейін екенін түсіндіреміз" ,- дейді ПД баспасөз қызметі.
Департамент мәліметінше, 30 күн өткенге дейін (ЕАЭО үшін – 90 күнге дейін) көшіп келушілер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кетуге міндетті. Көрсетілген мерзімдерден артық болған жағдайда қабылдаушы тарап тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-ға жүгінуі және келу  мақсаттарын көрсетіп (жұмысқа, емделуге, оқуға, отбасымен бірігуге және т. б.) уақытша тұруға рұқсат рәсімдеуі қажет.
"Көші-қон қызметі шетелдік азаматтар мен қабылдаушы тараптың Қазақстан Республикасының заңнамасын, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына келудің, кетудің және болудың белгіленген тәртібін сақтау қажеттігі туралы жауапкершілігін еске салды.Шетел азаматтары Қазақстан Республикасының азаматтарымен қатар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған жауапкершілікке тартылады", – дейді департаменттегілер.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓