5-қабаттан секіріп кетті

Қостанайда 26 жастағы қыз 5-қабаттан секіріп кетіп, аман қалды. photo_42283Оқиға 3 қарашада болған. Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер бұл мәліметті растады. Қостанайдағы Строительный көшесінде 3 қарашада сағат 00.20-да 26 жастағы қыз бесінші қабаттан секіріп, суицид жасамақшы болған. Алған жарақаттарымен қалалық ауруханаға жеткізілген.
"Қызға бірден ота жасалды. Аман қалды. Қазіргі уақытта травматология бөлімінде ем алып жатыр", – деп хабарлады Қостанай қалалық ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Марат Әбілқасымов.
ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓