Бұзақылық шабуыл жасағаны үшін 15 жылға сотталды

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 1991 жылғы Ғ. Жакеновке қатысты осындай үкім шығарды.sud 1
Оқиға Рудный қаласында болған. 24 жасар Ғ. Жакенов  өткен жылдың қазан айында Андрейчук  атты қарт кемпір мен шалдың үйіне телефон байланысындағы ақаулықты жөндеуші ретінге үйге енеді. Телефон мен сымдарды дұрыстағандай болып, үй иесінен қызметі үшін ақы сұрайды. Бірақ  зейнеткер ақша төлеуден бас тартып, кәсіпорын жөндеу жұмысының ақысы көрсетілген ресми шот жіберсін дейді. Үйдегі тұрмыстық жағдайды көзбен шолып, бағалаған Жакенов кейін тағы жолығатынын айтып кеткен.
Бірнеше күн өткеннен кейін айыпталушы Андрейчуктың үйіне қайта келеді. Аула есігін отағасы ашады.  Телефон сымын тексерем деген сылтаумен аулаға кірген ол кенеттен шалға шабуыл жасайды. Кәрі адамды аяусыз соққыға жығады.  Алған дене жарақаттарынан ата сол жерде көз жұмған.  
Қатыгез шабуылшы үйге кіреді. Кіре берісте 77 жасар қарт әжені көреді. Қолына телефон тұтқасын ұстаған ол басқа бөлмеге қашып құтылмақ болады. Сотталушы телефон сымын үзіп, байланысты жояды. Одан кейін ақ жаулықты ананы  ұрып өлтірген.
Сөйтіп,   Ғ.Жакенов үйден 791 600 теңгенің затын  ұрлап әкеткен. Келесі күні зергерлік  бұйымдарды  ломбардқа өткізіп, қылмыстық  ісінен өндіріп алған ақшаны өз мұқтаждығына жұмасайды.  
Сот  Ғ.Жакеновты айыпты деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айырды. Оның  дүние-мүлкі түгел тәркіленіп, жазасын қатаң тәртіптегі коллонияда өтейтін болды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 
Махаббат Бекбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓