Желтоқсанда қанша күн демалыс бар?

Қазақстан тұрғындары 2017 жылдың желтоқсанында қосымша үш күн демалады. Яғни, қазақстандықтар желтоқсанда 13 күн демалады, –  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. демалысЕлімізде 1 желтоқсан Тұңғыш Президенттің күні болып саналады. Бұл күн жұма күніне түсіп тұрғандықтан қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады – 1-3 желтоқсан. Айта кетейік, 2 желтоқсанда (сенбі) бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар ғана демалады. Ал 6 күн жұмыс істейтіндерге 2 желтоқсан жұмыс күні болып саналады.
16-17 желтоқсанда Қазақстанда Тәуелсіздік күні аталып өтеді. Биыл бұл мереке сенбі және жексенбіге түсіп тұр. Осыған байланысты 18-19 желтоқсан демалыс болып саналады.
Осылайша, қазақстандықтардың көбі қатарынан төрт күн демалады – 16, 17, 18 және 19 желтоқсан. Айта кетейік, 18 желтоқсанда (дүйсенбіде) бес күн жұмыс істейтіндер ғана демалады. Ал 6 күн жұмыс істейтін қазақстандықтарға 18 желтоқсан, керісінше, жұмыс күні болып есептеледі.
Осыған дейін ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы мерекелік күндер тізбесін бекіткен болатын. Онда 46 күн ресми түрде мерекелік күндер болып саналады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓