Қол-аяғынан айырылды

8 жасар сарыкөлдік Сережа Токаревтің оң қолының білезік бөлігін және оң аяғының сирағын кесіп алып тастауға тура келді. Ол ашық тұрған шағын станцияға өрмелеймін деп, 220 киловольттық ток күшіне ұрынған. Балаға дер кезінде көмек көрсетіліп, облыстық ауруханаға жеткізілді. Бірнеше операциядан өткен науқастың халі әлі ауыр. Дәрігерлердің айтуынша, бүйректері істен шығып жатыр. Бірақ оның тірі қалғанының өзі ғажайып жағдай дейді ақ халаттылар. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, кінәлілер анықталуда.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓