Фестиваль төрінде – қостанайлықтар

Қостанай облысының бір топ өнерпаздары Астана қаласында өтіп жатқан «Шабыт» халықаралық шығармашылық жастар фестиваліне қатысуда. Оған Қазақстанның барлық облысы, Астана және Алматы қалалары, сондай-ақ, Башқұртстаннан дарынды жастар келген.

986a6e06-326e-48f6-8f5d-2a86c7f63198

Қостанайлық қолөнер шеберлері өз жұмыстарын тапсырды. Оның қорытындысы ертең белгілі болады. Ал «Актерлік шеберлік» номинациясында облыстық қазақ драма театрының әртісі Мөлдір Тағаева бар. Өнерпаздың есімі Қостанай жұртшылығына жақсы таныс. Ол У.Шекспирдің «Гамлетінде» Офелияның, Вампиловтың «Метранпажында» Викторияның, «Күшік күйеуде» Алмушканың, Рэй Кунидің «№13-інде» Джейннің образдарын сәтті шығарып, көрермендер тарапынан өзінің лайықты бағасын алған. «Шабыттың» жүлдесіне үміткер Мөлдір Тағаева бүгін өнер көрсетеді. Реттік нөмірі – 17. Онымен бірге тағы 19 әртіс сайысқа түсуде.

01847052-100e-43c4-9de0-77e0bcdf50e9

Кешкі сағат 19:00-де фестиваль салтанатты түрде ашылады. Ертең қазылар алқасы 1-тур шешімін жариялайды.

Дамир Елтайұлы,

облыстық филармония ди ректорының орынбасары

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓