Жаңа жолдың құжаттары әзірленбек
Қостанай өңірінде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Орталық-Батыс» автокөлік жолы дәлізінің құрылысы басталмақ, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.Бастауын Астанадан алатын алып жол құрылысы Арқалық қаласы арқылы Торғай өңірін басып өтіп, Ақтөбе облысының Қанадағаш стансасымен тоғыспақ. Аталмыш ірі жол құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге 700 млн теңгеден астам қаражат бөлініп отыр.