Алимент төлемеуге себеп тапты

Қостанай аудандық соты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 669-бабы бойынша («Атқарушылық құжатты орындамау») айыпталған 45 жастағы азаматқа қатысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. сотБорышкер С. 2011 жылы туған ұлы Е-нің пайдасына алимент төлеуден бірнеше рет жалтарған. Ол атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескерту хатын алды.
Алайда, С. әлі күнге дейін сот талаптарын орындамады. Оның қарызы тамыз айынан бастап 1 млн 187727 теңгеге жеткен.
Айыпталушы алимент төлеуден бас тартқанына бұрынғы жұбайын кінәлі санайды. Оның сөзінше,  анасы ұлымен жүздесуге тыйым салған.
Сот істі жан-жақты зерттеп, азамат С-ны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ол айыппұл түрінде мемлекет есебіне 16 мың теңге ақша аударады. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓