Еңбек құқығы үнемі сақтала бермейді

Облыс прокуроры Марат Қайбжановтың төрағалығымен үстіміздегі жылдың жетін айында уәкілетті мемлекеттік органдардың және ірі кәсіпкерлік шаруашылық субъектілердің қызметінде еңбек заңнамасының сақталуы туралы тексерудің нәтижелері, оның ішінде өндірістік жарақат жағдайларындағы заңдылықтың жай-күйі мәселелері бойынша кезекті қоғамдық кеңес отырысы өтті.прокуратура
Тексеру жұмыстарына еңбек заңдылықтарын қорғайтын уәкілетті органдармен қатар, денсаулық сақтау және ішкі істер департаментінің өкілдері, кәсіподақ орталығының мамандары, қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
Прокурорлық тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар және жұмыс беруші шаруашылық субъектілері көптеген жағдайларда өндірістегі жазатайым оқиғаларды тіркеу және тексеру тәртібін бұзып, еңбек ету жағдайының қауіпсіздігін ойдағыдай қамтамасыз етпей, азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзып, жұмыс берушілер жағынан еңбекті қорғау тәртібі талаптарын сақтамау деректерінің орын алғаны белгілі болды.pravo 
Облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы М.Моргуновтың айтуынша, өткен жеті айда облыс аймағындағы кәсіпорындарда 89 адам зардап шексе, оның 11-і кісі өліммен аяқталған. Жазатайым оқиғалардың дені тау-кен өнеркәсібі, ауылшаруашылығы, коммуналдық шаруашылығы алаңдарында жиі кездеседі екен.
Ағымдағы жылдың басынан бері аталмыш басқармаға жазатайым оқиға болған өндіріс орындарында 49 арнайы тергеу жүргізген. Сондай-ақ, мемлекеттік еңбек инспекторлары 52 кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесіп, еңбек қорғау мәселелері бойынша ауызша кеңес берілгенін жеткізді. 
Жыл басынан бері тау-кен өнеркәсібі саласында 17 адам зардап шеккен. Бұл өткен жылдың дәл осы мерзімімен салыстырғанда 19% жоғары, ал кәсіпорындардың коммуналдық шаруашылықта 12,5% көбейсе, ал ауылшаруашылығы саласында 60% дейін төмендеген.енбек кукыгы
Сонымен қатар, заң талаптарына қарамастан, денсаулық сақтау мекемелерін тексеру кезінде көп жағдайда өндірістегі жарақат алу жазатайым оқиғаларын жұмыс берушілердің хабарламаған деректері және осы бойынша ақпараттарды еңбек заңдылықтарын қорғау бойынша уәкілетті органдар мен ішкі істер органдарына жолдамау фактілері анықталған.
Қазіргі таңда барлық жасырылған өндірістік жарақат алу деректері бойынша ішкі істер органдары тергеу алды тексеру жұмыстарын жүргізуде.
-Тексеру қорытындысы көрсеткендей, облыстық еңбек инспекциясы басқармасы өндірістік жарақат алу жазатайым оқиғалары бойынша оларды болдырмау, алдын алу және профилактикалық жұмыстар өз деңгейінде жүргізілмейтіндігі және бақылау функцияларының төмен жағдайда екендігі, сонымен бірге денсаулық сақтау және уәкілетті органдармен өзара іс-қимылдардың жоқтығы белгілі болды. Мәселен, 24 жазатайым оқиға бойынша арнайы тексерудің жүргізілмеуі соның айғағы, – деді облыстық прокуратураның 1-ші басқарма бастығы А.Сыздықов.
Сондай-ақ, өз кезегінде денсаулық сақтау басқармасы қолданыстағы еңбек заңдылықтары талаптарын бұза отырып, әрбір өндірістік жарақат алу жазатайым оқиғасын жұмысшының бастапқы қаралуынан бастап еңбек инспекциясына хабарламайтындығы анықталды.
Қоғамдық кеңесте құзырлы орган өкілдері жазатайым оқиға болған жерде тексерудің сапасыз, атүсті  жүргізілетінін айтты.
-Қостанай қалалық сотының 13-мамырдағы шешімімен Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігінің жұмыскері И.Захаровтың талабы қанағаттандырылды. Мәселен, осыдан бір жыл бұрын Соколов шахтасында Захаровтың үстіне тас құлап, аяғын сындырып, ауыр жарақат алған еді. Сол кезде арнайы жүргізілген тексеру қорытындысы оны жұмыс кезінде мас болған деп, бар кінәні өзіне аударған еді. Сөйтіп қайта тергеу жүргізіліп, Қостанай қалалық сотының шешімімен Захаровтың жұмыс кезінде сау болғанын және зардап шегушінің құқықтары қорғалды, – деді А.Сыздықов.
Үш жыл бұрын «ВЕСТЕХ» ЖШС жазатайым оқиғаға қатысты қылмыстық іс әлі сағызша созылып келеді. Әлі күнге дейін жұмыс кезінде қаза болған жанның әйелі мен қызы тиісті өтемақыны ала алмай отыр.
Тексеру кезінде еңбек заңнамасы талаптарының да жиі бұзылатыны анықталды. Мәселен, жазатайым оқиға болған жағдайда ішкі істер органдарына арнайы тексерудің нәтижелері уақытында берілмейді,  жұмыс берушілер жұмыскерлерді арнайы киімдер және құралдармен қамтамасыз етпейді, енгізілген ұйғарымдардың орындалуына бақылау жасалмайды, еңбекақы уақытында төленбейді, дейді А.Сыздықов қоғамдық кеңесте.
 
Шұға ҚОҢҚАБАЙ

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓