«Тобыл» тең ойнады (БЕЙНЕШОЛУ)

Футболдан Қазақстан чемпионатының 32-турында қостанайлықтар «Шахтермен» кездесті._tyE1NHVKCwӨткен турда «Оқжетпесті» ойсырата жеңген «Тобыл» футболшылары Қарағандығада үш ұпай үшін келді. Бірінші минутта-ақ, ойын басымдығын өздерінде ұстады. Бірінші голды «Тобыл» шабуылшысы Жасұлан Молдақараев соқты. Ол чехиялық легионер Эгон Вухтың пасын сәтті пайдаланды. Мұнан соң Дидар Жалмұқан есепті еселейтін мүмкіндікті пайдалана алмады. Оның соққысы қақпа бағанынан кері қайтты. 
Екінші таймда «Шахтер» мүлдем басқа ойын өрнегн көрсетті. Жүйелі шабуылдар жемісін беріп, есепті теңестіре алды. 83-минутта Милан Стоянович пеналтиден мүлт кетпеді. Сәлден соң "Шахтер" қорғаушысы Якуб Хлебоун алаңнан қуылды. Қанша тырысқандарымен, қостанайлықтар жеңісті жұлып әкете алмады. 
 

Осылайша, «Тобыл» турнир кестесінде бір сатыға сырғыды. Келесі матч 5-қарашада «Атырауға» қарсы өтеді.
 
"Тобыл" ФК баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓