Экс-депутат шартты түрде сотталды
Рудный қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Юлия Каралаш прокурормен процессуалдық келісім жасап, 3 жылға шартты түрде сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Рудный қалалық сотына ҚР ҚК 309-бабы 2-бөлігі 2-тармағы («Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық») бойынша айыпталған Рудный қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Юлия Каралашқа қатысты қылмыстық іс түсті. ҚР ҚПК 29-бабы 1-бөлігі талаптарына сәйкес, сот ісіне қатысатын адамдардың жеке өміріне қатысты мәліметтердің жария етілуін болдырмау мақсатында сот қылмыстық істі жабық түрде өткізуге шешім қабылданған.
«Қылмыстық іс бойынша, Юлия Каралаш прокурормен процессуалдық келісім жасады. Сот үкімімен ол 3 жылға шартты түрде сотталды. Бұл ретте пробациялық бақылау жүргізілетін болады», – деп мәлім етті облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.