Алкоголь өнідертін жасырын цех табылды

Қостанай қаласында заңсыз алкоголь өндіретін жасырын цех табылды. Полицейлер 400 литр алкоголь және 2,5 мыңнан астам бос бөтелке тәркіледі.
21 қарашада Қостанай облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс орталығындағы Жамбыл көшесі бойында 150 қорап алкоголь өнімі бар екі "Газельді" ұстады.
Одан соң Титов көшесіндегі жеке үйден алкоголь өнімдерін шығаратын цех табылды. Бұл астыртын цехтан 400 литр алкоголь және спирттік өнімдерді құюға арналған 2,5 мыңнан астам бос бөтелкелер тәркіленді. Сонымен қатар, үйден 5 мыңнан астам қақпақ, 3 спиртометр, сұйылтылған спирті бар 450 литрлік ыдыс, өлшеуіш колба және басқа жабдықтар сақталған.
"Қазіргі уақытта бұл деректі облыстық Экономикалық тергеу департаменті тіркеуге алды және тергеуге берілді", – деді облыстық ПД ҰҚҚК бастығы Серік Байгонов.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓