Табыстың тиімді тетігі

Ауылшаруашылық кооперативтерін құрудың, ең әуелі, халықты жұмыспен қамту мәселесін жеңілдетуге ықпалы мол. Бұл қанатқақты жоба облыстағы елді мекендерде өркен жайып келеді. Қостанай ауданының Еңбек, Александров ауылдарының тұрғындары да кооператив мүшесіне айналып, нәпақаларын айырып отыр.сутАудан көлемінде құрылған "Александров" ӘКК қарамағында 25 жекеменшік қосалқы шаруашылық бар. Еңбек (бұрынғы Давыденов) ауылынан да кооперативке қатысып отырғандар жетерлік. Олардың әрқайсысы мемлекеттен "Ырыс" бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несие алып, оны ірі қараға айналдырған. Қазір сүт пен ет  өткізіп, үйден ұзамай табыс тауып отыр. Сондай жандардың бірі – Сапабек Жабағин. Ол осы ауылға Науырзым ауданынан көшіп келген жылы соңғы сиырын сойыпты… Ал қазір қорасынан бу шығады.IMG_6876-Биыл ақпан айында үйімді кепілдікке қойып, үкіметтен 1,4 млн теңге несие алып, ол қаржыға жеті бас ірі қара сатып алдым. Қазір сүтті бағыттағы сиырларды бағып жатырмын. Кооператив құрылмағанға дейін сүт литрі 80 теңгеден еді, бүгіндері ол бағадан 20 теңгеге артық сатамыз. Арнайы көліктер уақытылы алып кетеді. Ақшамыз екі апта сайын қолымызға тиіп отырады, – дейді ол. – Ұлым да ұжым өкілі. Ол 3,5 млн теңгеге 17 бас сатып алды. Жағдайымыз күннен-күнге жақсарып келеді. Ауыл шаруашылығы өнімі көлемін ұлғайтып, мемлекет жоспарын орындауға тырысамыз.IMG_6881Несие 7 жылға берілген. Банкілер 2 жыл өтпейінше, яғни кепілгер айналымға келіп алмайынша қарызын талап етіп, қысталамайды. Бұл ынталандыруға өте ыңғайлы. Берешек толығымен өтелген соң бүкіл малдың өз еншілерінде қалатыны тағы белгілі. Тек, кооператив қатысушыларын толғандырып отырған бір ғана мәселе – жайылымның жоқтығы. Алдағы уақытта шабындық және жайылымдық жер берілсе, басқа кедергі болмас еді дейді.
Александров ауылынан да ауыл шаруашылығы кооперативіне жиырма қаралы адам қатысып отыр. Биыл көктем мезгілінде бұл елді мекенде мобилді сүт салқындатқыш құрылғы орнатылыпты. Тұрғындар түліктерінен тәулік бойы алған сүтті осында әкеп тапсырады екен. IMG_6854Дәл қазіргі суық мезгілде оның қызметі аса қажет болмай тұрса да, көктем-жазда көп көмегі болғанын айтады тұтынушылардың бәрі. Солардың бірі Нилюфер Шәріпова ұжым тізіміне биыл қосылған жандар қатарында.   
-Биыл көктемде күйеуіміз екеуміз үкімет ұсынған 3,5 млн теңге несие қаржысына 15 бас сиыр сатып алдық. Күні бүгінге дейін сүт тапсырып келеміз: уақытылы қабылданады, тиесілі ақшамыз да қалтамызға кешікпей түседі. Жағдай жақсарды. Табысымызды туған ауылымызбен бөлісе де бастадық. Таяуда жұбайымыз екеуміз ақылдаса келе ауылдан шығаберіс жолға аялдама салдық. Мұнымен тоқтамаймыз. Балаларға ойын алаңын салып, тұрмысы төмен отбасыларға көмектесуді ойлаймыз, – дейді Н.Шәріпова.IMG_6860
Олардың қай-қайсысы да "Александров" ӘКК-не қосылуды кеңес етіп, құжат рәсімдеуге қол ұшын созған жергілікті басшылыққа алғыстарын айтып отыр. 
Жалпы, Қостанай ауданы бойынша, әзірге, алты кооператив бар: үшеуі – сүтті, қалған жартысы – етті бағытта. "Александров" ӘКК құрамында Надеждин, Александров, Борис-Романов, Еңбек ауылдары бар. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өкілі Марат Сартовтың айтуынша, жыл басынан бері 74 млн теңге игерілген, межелі сома 59 млн теңге еді. Аталған ауылдарда мал басы саны да, зауытқа өткізілетін сүт көлемі де ұлғайған. Шамамен, күніне 300 л сүт өткізіледі екен. Тағы бір айта кетерлігі, биыл ауданда "Береке" бағдарламасы аясында 30-дан астам мал бордақылау алаңы салынған. Бұлар – тұрғындардың етті бағыттағы малдарын қаржыға айналдырып, тұрмыстарын шиырлатуына берілетін зор мүмкіндік.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓