Зиялылармен жүздесу

Қостанайға Елбасының "Рухани жаңғыру" мақаласына орай ел-жұртпен пікір алмасып, ой-толғаныстарын ортаға салып, жүздесу үшін қазақтың танымал азаматтары: мәдениеттанушы-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов, қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, "Жұлдыз" журналының бас редакторы Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан Журналистика академиясының президенті, профессор Сағымбай Қозыбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, "Мысль" журналының Бас редакторы Аяған Сандыбай келді.IMG_8250Зиялы топты облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қабылдады. Архимед Бегежанұлы облыстағы рухани жаңғыру бағытындағы жүргізіліп жатқан кешенді іс-шаралар барысын әңгімелеп, қонақтармен ой бөлісті.
Қонақтар облыстық Л.Толстой атындағы кітапхананың 80 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Қостанай педагогика институтында мәдениеттанушы Мұрат Әуезовтың "Времен связующая нить" атты жаңа кітабының тұсаукесері болды.IMG_8217Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде еліміздің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, "Жұлдыз" журналының бас редакторы Ұлықбек Есдәулеттің шығармашылық кеші өтті.
Осы және басқа да жүздесулер туралы алдағы нөмірімізде кеңірек хабардар етеміз.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓