Өрт ішінде қалған
Әулиекөл ауданының Новонежин ауылында жеке тұрғын үйде өрт шығып, салдарынан ер адам мерт болды. Бұл туралы Today.kz ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасай оытырп жазады.Өрт аумағы 180 шаршы метрге жетті.
"Тілсіз жау тұрғын үйде басталып, жақын маңдағы шаруашылық құрылысқа дейін жеткен. Оқиға орнынан 55 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Өрт сөндіруге жеке құрамнан жеті адам және екі техника жұмылдырылды", – делінген хабарламада.