Мектеп асханаларында жеңілдік жасалады

Қала оқушылары мектеп асханаларында 10% жеңілдікпен төлем жасауға мүмкіндік алды. Бұл туралы Қостанай қалалық прокуроры Ерлан Сәрсенов хабарлайды.
Оның айтуынша, соңғы уақытта прокуратураға мектептердегі азық-түлік бағасының өсуіне қатысты өтініштер келіп түсті.
"Жүргізілген талдау оқушылар үшін прейскурантта көрсетілген бағадан 10% мөлшерінде өнім бағасын бір мезгілде төмендете отырып, тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтерге қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы ақы төлеу үшін жағдай жасалмағанын көрсетті. Сонымен қатар, мұндай төлем әдісі заңнамалық деңгейде қарастырылған. Бұл ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазанындағы №598 Бұйрығының 108-тармағында көзделген", – дейді Е.Сәрсенов. 
Прокурор мәліменіше, қадағалау актісі бойынша қазіргі уақытта мектептерде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу терминалдары орнатылды, прейскурантқа өнім бағасын қолма-қол ақшасыз есептеу кезінде 10%-ға төмендетумен өзгерістер енгізілді.
"Құрметті ата-аналар, оқытушылар, сіздерге мектеп асханасындағы өнімдерге қолма-қол ақшасыз тамақтану ақысын 10% жеңілдікпен төлеу мүмкіндігінің туғанын хабарлаймыз", – деп түйіндейді ол.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓