Өңір басшысы Қарабалық ауданына іссапармен барды
Бүгін облыс әкімі Құмар Ақсақалов Қарабалық ауданына тұрғындармен кездесу өткізу үшін іссапармен барған болатын. Жұмыс сапары барысында өңір басшысы бірнеше әлеуметтік нысанға соғып, тыныс-тіршілігімен танысты.Ол ең әуелі Смирнов ауылында 2014 жылы іргесі қаланған дәрігерлік амбулаторияға ат шалдырды. Қызметкерлерімен тілдесіп, нысанның жай-күйін сұрады.
– Амбулатория күніне 20 адамға дейін қабылдайды. Мұнда мыңның үстінде тұрғын тіркелген. Көршілес ауылдардағы тұрғындар да бізге келіп ем қабылдайды. Ем шарасын жасауға арналған 4 жатын орын бар. Сондай-ақ, нысан ішінен дәріхана ашылған, – деді амбулатория меңгерушісі Светлана Козлова. Облыс әкімі бұдан кейін Мәдниет үйінің аужайымен танысты. Нысанда ауыл әкімінің есептік кездесуі, мерекелік іс-шаралар өткізіліп тұрады. Клуб ішінде ауыл кітапханасы орналасқан. Кітапхана меңгерушісінің мәліметінше, мұнда жылына әр жастағы 500-ден астам тұрғын кітарханаға бас сұғады.– Қазір жастардың кітап оқу деңгейі төмен екенін білемін. Олар көп уақытын әлеуметтік желіде өткізеді. Десек те, кітапқұмар жандардың да бар екенін ескерген жөн. Сол себепті кітапханаға қашанда қолдау көрсетілетін болады. Клубқа келсек, ғимарат ішінен жастардың спортпен айналысуына шағын фитнес-зал ашу керек, – деді Құмар Ақсақалов.Толық ақпарат кейінірек жарияланатын болады.

Сералы Мырзабай,
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев