Ірі қара саудаға салынды

SAM_1784Қарасу ауданында "Қарасу" компаниясы "Қазагромаркетинг" АҚ-ның қолдауымен екінші мәрте қазақтың ақ бас және әулиекөл ірі қара малдарын сатуға бағытталған "KARASU FARM – 2014" аукционы өтті. Аукционға облыс әкімі Н.Садуақасов қатысты.
Биылғы жылы облыс көлемінде екінші рет ұйымдастырылған саудаға жұрт көп жиналды. Барлығының көздегені бір – сатуға шығарылған асыл тұқымды ірі қараны алу. Бұл жолы саудагерлер назарына қазақы ақбас және әулиекөлдік тұқымды бұқалар ұсынылды. Саудаға салынған малдың ең жоғарғы бағасы 700 мың теңге. Кейінгілері 400-500 мың теңге көлемінде сатылып жатты.
Көрмеге қатысуға еліміздің түпкір-түпкіріндегі шаруалар мен шетелдіктердің өтініш білдіргенін айта кеткен жөн. Мал шаруашылығының жілігін шағып, майын ішкендердің басын біріктірген шара – осы іспен  айналысатын шаруашылықтардың ісін оңтайландырып, төрт түліктің қатарын қалыңдатуға септігін тигізері анық. Олай  деуімізге, саудаға қатысушылардың асыл тұқымды ірі қараның артықшылығын жете сезінуі себеп.
Алдын ала хабарланғандай, сатылымға 50 бас асыл тұқымды бұқа шығарылды. Оның 34-і қа-зақы ақбас, қалған 16-сы әулие- көл тұқымынан. Саудаға асыл тұқымды жылқы мен түйе де салынды.  Қазақтың  құйрықты қылшық жүнді қойы мен шошқаны  саудалап жатқандар табылды.
– Аукционның шаруалар үшін пайдасы көп. Бүгінгі саудаға 18 ірі қара мал әкелдік. Былтыр да қатысқан болатынбыз. Ол жолы 20 бас әкеліп, соның 18-ін саттық. Бекітілген баға да көңілімізден шығады, – дейді Алтынсарин ауданынан келген "Жаңабек" ЖШС өкілі Н. Есенов. Ал "Қараман" ЖШС зоотехнигі Е. Рамазанов аукционға асыл тұқымды мал алуға арнайы келген. Шаруа өзіне ұнаған екі малды сатып алғанын айтады.
Айтолқын
        АЙҚАДАМОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓