Заң бұзушылықтарды анықтады

Кеше Қостанай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жарты жылда атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарды.
заллалЖалпы, үстіміздегі жылдың алты айында құзырлы орган мамандарының араласуымен төрт жер қойнауын пайдаланушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардан 888,9 мың теңге айыппұл өндіріліп алынған. Сондай-ақ, прокуратураның ұсынысымен ерекше қорғалатын аймақтардың бірі Қарабалық ауданындағы Михайловский мемлекеттік зоологиялық қорығындағы 14 мың гектар орман алқабын ұзақ мерзімге пайдалану туралы бес келісім-шарттың күші жойыл-ған. Сонымен қатар, құны 713 мың теңгені құрайтын 564 текше метр ағаштарды заңсыз өткізген Урицкий орман шаруашылығының орманшысы да қызметінен босатылған. Алты ай ішінде заң бұзушылыққа жол берген өңірдегі орман шаруашылығы мекемелерінің елу қызметкері тәртіптік жазаға, төрт лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жануарлар әлемін қорғау заңнамасының қолданылуы аясында да табиғат қорғау прокуратурасы Ұзынкөл ауданының аумағында рұқсат қағазынсыз сібір  елігін атқан Қостанай қаласының тұрғыны Ю.Скачковқа қатысты әкімшілік іс қозғап, оған жарты миллион теңгеден астам айыппұл салды. Ал, "Алтын дала" мемлекеттік табиғи резерватына жүргізілген тексеріс кезінде мекеменің техникалық құралдардың және білікті кадрлардың жеткілік-сіздігінен жануарлар әлемін қорғаудағы міндеттерін тиімді орындай алмай отырғандығы, тіпті, резерват қызметкерлерінің броконьерлікпен айналысқандығы да анықталған. Осылардың негізінде табиғат қорғау прокуратурасымен броконьерлік фактісін жасыру және жеке бас пайдасына жарату мақсатында 16 киік мүйіздерін жасырып қойғаны үшін резерваттың мемлекеттік инспекторына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, балық аулау ережесінде де өрескел заң бұзушылықтарға жол берген 21 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Қарлығаш
   ОСПАНОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓