Коммуналдық қызметтерге қарызы бар қазақстандықтар несие ала алмайды
Коммуналық қызметтер өздеріне борышкер азаматтар тізімін несие бюросына ұсынатын болды. Осылайша несие берушілер алдарына келген клиенттердің қарыз қайтаруға салғырт қарайтын азамат екендігін алдын ала біліп отырады.
Табиғи монополиялар субъектілерінің борышкерлері туралы барлық ақпарат автоматты түрде бюро қоржынына түседі. Мұндай жаңашылдық 2015 жылдың басынан бері кәсіпкерлік туралы заңнамаға өзгерістер енгізілгеннен кейін іске қосылды.