Қарақоға

Еліміз тәуелсіздік алып, еркіндікке қол жеткізген уақытта Қарақоға қоныс орнының тамырына қайта қан жүгіре бастаған. Ата-баба құрығын қайтадан қолға алған Көкалат ауылының белді кәсіпкерлері қазір мал шаруашылығын қарқынды дамытып, ауыл экономикасының өркендеуіне үлес қосып отыр. Қарақоға қоныс орнындағы шаруа қожалықтары асыл тұқымды мал өсіруді кәсіп еткен. Сонымен бірге бір кездері жоғалып кеткен қой шаруашылығы да жандануда.
Тек ерінбей еңбек еткен адам ғана табыстарға жетеді

Солардың бірі Б.Смайыл бұған дейін сауда-саттықпен айналысып, тиыннан теңге құрап, ел қатарлы күнелткен. Ауыл орталығынан азық-түлік дүкенін ашып, халықтың да жағдайына қарап, тауарларын төменгі бағада сатып, тұ-тынушылардың сұранысына ие болған. Арада екі жыл өткен соң мал шаруа-шылығымен айналысуды көздейді. Қабырғасымен кеңеседі. Сөйтіп бір шешімге келіп, 2009 жылы Қарақоға қоныс орнынан жер алып, үй тұрғызып, "Жанбақыт" шаруа қожалығын құрады. Сауда айналымынан түскен қаражатқа азын-аулақ мал сатып алып, кәсіп қылған. Жылма-жыл мал басы көбейіп, шаруашылық шеңбері кеңейе түседі.
Бүгін нарық та, экономикалық даму да басқаша. Сондықтан мал басын асылдандыру қажеттігі – қазіргі күннің басты тақырыбы. Осыған байланысты шаруа қожалығының жетекшісі Бүтім-бай Смайыл малдың тұқымдық қасиет-терін арттыру үшін екі ақ бас бұқа сатып алған. Алдағы жоспары "Сыбаға" бағ-дарламасына қажетті құжаттар дайын-дап, сәті түссе мал басын өсіру. Бүгін-де екі үйір жылқы, 160 сиыр, 500-ден астам қой-ешкісі бар. Қысқы мал азы-ғын дайындау мәселесі қиындық туғыза қоймаған сыңайлы. Ескі болса да жалғыз трактордың көмегіне жүгініп отыр. Оның сыртында төрт адамды жұмыспен қамтып отырған жайы бар. Ауылда өтетін барлық мерекелік іс-шараларға үнемі демеушілік жасап отырады. Жыл сайын Мәуліт күніне орай "Оспанқожа әулие" мешітіне малдай көмек беріп, Алланың берген ризығына тәубе еткен азамат.
Мал баққанға бітеді…

Осы салаға өзіндік қолтаңба қалды-рып, ата-баба кәсібін алға қарай сүйреп келе жатқан еңбеккер Байма-ғанбетовтер әулетін айтуға бо-лады. Мал шаруашылығының қыр-сырын әкесінен көре жүріп, санасына сіңіре өскен бұл әулет бүгінде өз білгендерін өзгелер-ге үйретіп келеді.
– Біздің ата кәсібіміз – мал шаруашылығы. Қазақ өзі қа-шанда малсыз отырмаған. Кеңестік кезеңде осы мәселе дұрыс қолға алынып, кешенді шаруалар жүзеге асқаны бел-гілі. Қазір жүйе басқа болға-нымен мал өсіріп, еңбек етемін деген адамға барлық мүмкіндік жасалып отыр. Тек өзіңнің ынта-ықыласың болса болғаны, – дейді "Береке" шаруа қожалы-ғының жетекшісі Бақытбек Баймағанбетов.
1991 жылы құрылған шаруа қожалығы Қарақоға қоныс ор-нын мекен етіп, бүгінгі таңға дейін мал шаруашылығымен айналысып келеді. Мал шаруа-шылығының дамуы аталмыш қоныс орнынан тыс Албарбөгет ауылдық округіне де серпін бергені шындық. "Береке" шаруа қожалығы 50 бас жыл-қы, 120 бас ірі қара, 600 бас қой-ешкі өсіріп отыр.
– Малды асылдандырмай, соның ішінде ірі қараның тұқым-дық қорын жақсартпай, малдан жоғары өнім аламын деу бос әурешілік. Асылдандыру жұ-мыстары – барлық табыстың бастауы. Онсыз малдың басы да, пайдасы да артпайды, – деп Бердібек Баймағанбетов өз ойын ашық жеткізді. Бұл кісі шаруа қожалығы жетекшісінің кеңесшісі.
"Сабақты ине сәтімен" деген-дей Баймағанбетовтер әулеті мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, қажетті несие алып, қой шаруашылығын дамытуды қолға алмақшы. Әрине алатын несиеге кепілдік мәселесі оңтайлы шешілсе. Әр мереке сайын демеушілік жасау екінші кәсібіміз деп біледі, бақ қонып қыдыр дарыған Баймағанбетовтер әулеті.
"Нұр" шаруа қожалығы мал басын көбейтуді көздеп отыр

"Нұр" шаруа қожалығы малын Қарақоға қоныс орнына бес жылдан бері қыстатып отыр. Құрылғанына 5 жыл болған шаруашылықта 90 ірі қара бар. Сондай-ақ екі үйір жылқы мен 200 бас қой-ешкі бағымда. Шаруа қожалығының жетекшісі Қайрат Қабыловтың айтуын-ша "Сыбаға" бағдарламасының көмегі көп тиген. Аталмыш бағдарлама бойынша 3 млн. теңге несие алып, оған екі ақ бас бұқа, 20 аналық және жер телімін сатып алған. "Саусақ бірікпей – ине ілікпейді". Қабыловтар әулеті бірлесе отырып Қарақоға қоныс орнынан зәулім үй салып алған. Жаңадан бой көтерген бұл үйдің ішкі- сырты көз тартарлықтай. "Еңбек түбі – береке" деген осы. Шаруашылықтың қыр-сырын толық меңгерген Қайрат Ақсүйінұлы былтыр ғана жаңадан алған екі "Беларусь" тракторының арқасында қысқы мал азығын уақытында дайындап, тиісті орнына жиыстырып қойған. Артылғанын ауыл аймаққа, көрші-көлемге арзан бағаға сатып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға демеушілік ретінде тегін беріп отырады екен. Ал "25 сиырдың сүтінен 150 кг май алып, 50 кил-лограмын туыс-туғанға үлестіріп, қалғанын ақшаға беріп, күнделікті шай-қантымды ажыратып отырамын", – дейді жұбайы Қадиша Боқаева.
Бұл шаруа қожалығы да жыл сайын демеушілік жасауды дәстүрге айнал-дырған. Міне үш шаруа қожалығы мекендеген Қарақоға қоныс орнының бүгінгі тіршілігіне таңдай қағып, келбетіне ел сүйсінердей.
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ.
Жанкелдин ауданы.
СУРЕТТЕРДЕ: ауыл көріністері.
Суреттерді түсірген автор.