“Апиыншыл” апалы-сіңлілілер

Киевский ауылында 42 жастағы күдікті өз пәтерінде ұсталды. Тінту кезінде диванға жасырылған полиэтиленді орамадан салмағы 1,87 грамм болатын героин табылды. Сотқа дейінгі тергеу амалы басталды.героин
Сол күні-ақ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері алғашқы күдіктінің 35 жастағы сіңлісін де қолға түсірді.  Сақшылар оның үйінен де жалпы салмағы 6 грамм болатын героин тәркіледі. Ол есірткіні сату мақсатында сақтағанын айтқан. Мұның сыртында, оның үйінен "ИЖ-18Е" маркалы шолақ мылтық табылды. Қару ешқандай жерде тіркеуде жоқ болып шықты. 
Апалы-сіңлілілер сот алдында жауап беріп, тиісті жазаларын алатын болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓