130 тонна өнім сатылды
Қостанайда жылдың соңғы жәрмеңкесі өткізілді. Уәде етілгеніндей облыс қарамағындағы 11 ауданнан 130 тонна өнім әкелінді.
Жәрмеңкенің жай-жапсарын өңір басшысы Архимед Мұхамбетов бақылап қайтты. Саудагерлермен сұхбаттасып, өнімнің бағасына баса назар аударды.
Жәрмеңкеге айтарлықтай жұртшылық жиналып, жаңа жылдық мереке қарсаңында қостанайлықтар азық-түлікті молынан сатып алды. Бағасы да арзан.
Жәрмеңкеде сатылымға 144 000 жұмыртқа қойылды. Оның 10 данасы — 220 теңге. «Дамир» ЖШС қантының құны – 190 тг. Күнбағыс майының 1 литры — 300 теңге. Сондай-ақ, 27 тонна ет жеткізілді. Сиыр еті – 800-900 тг., жылқы еті – 1000-1100 тг., шошқа еті – 950-800 тг.